Әлем

АҚШ демократияны жаңарту бойынша арнайы бағдарлама әзірледі

© Sputnik / Медиабанкке өтуГорода мира. Вашингтон
Города мира. Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2021
Жазылу
АҚШ әкімшілігі көшбасшы екенін паш ету мақсатында саммитке арнап халықаралық бағдарламалар топтамасын әзірлегені анықталды
НҰР-СҰЛТАН,15 желтоқсан – Sputnik. Әлемдік БАҚ жұма мен сенбі күндері ДЖО Байден әкімшілгі ұйымдастырған "демократияны қолдайтын саммит" туралы жазуына демалыс кедергі болған шығар деген ой келді. Алайда, демалыстан кейін де бұл шара туралы ақпарат жоқтың қасы, деп жазды РИА Новости.
Интернеттен іздеу кезінде саммит қарсаңында айтылған мәселелер ғана көрсетіледі. Ал 110 елдің көшбасшысын бірінен кейін бірін видео арқылы демократияны жақтайтын баяндама оқуға мәжбүрлеу әрекеті туралы дерек жоқ.
Мұны сәтсіздік деп атауға толық негіз бар. Шараны ұйымдастырушылар демократияның тірі екенін және қазір бүкіл әлемнің тең жартысы демократияны жаңғырта түсетінін айқындағысы келсе, онда мұндай мәлімдеме жасалды. Бірақ жауап қайтарудың орнына үнсіз қалудың астарында осы саммиттің зеріктірердей дәрежеде, еш өзектілігі жоқ сипатта өткенін аңғаруға болады.
Владимир Лениннің туғанына жүз жыл толуына орай жаппай іс-шараларды мысал ретінде айтуға болады. Бүкіл елде жиындар, отырыстар, оркестр сүйемелдеген концерттер өтіп, тіпті фильм түсіріледі. Бірақ жалпы нәтижесі – жалықтырады. Себебі ешқандай өзектілік пен қызық жоқ. Ал ол тұлға ақиқатында өте қызығарлықтай азамат болған. Ал америкалықтар адамды емес, философиялық категорияны, тоталитарлық дінді нысанаға алды.
Архивное фото летно-тактических учений ВС РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Әлем
АҚШ 160 әскери ұшақты қолданыстан шығарады
Саммит қарсаңында әлемдік БАҚ не жазғанын еске түсірсек, онда журналистер америкалық демократтар өздерін өздері тығырыққа тірегенін ашық айтты. Егер мұндай шараға барлығын (мойындалған және мойындалмаған 200-ге жуық мемлекет) қатысуға мәжбүрлесе, онда ола БҰҰ-ға айналады. Ал егер тек демократтар жиналса, онда авторитарлық әлемдегі сектанттар іспеттес болады.
Шараға шақырылғандар тізімі де түсініксіз. Азия мемлекеттері ішінен дау шығаруға құмар президенті бар Филиппинді шақырып, батыс саясатын қолдайтын Сингапур қалып қойған. Қалайша? Саммитке шақырылмағандар қатарындағы Қытай мен Ресей бұл шара әлемді қақ жаруды көздесе, онысы іске асқанын атап өтті.
Саммитте сөз сөйлегендердің барлығы әлемдегі антидемократтарды жазаламай отырғаны үшін Американы айыптады. Барлығы онсыз да түсінікті ойды қайталаумен болды. Мұны бұған дейін Байден де айтқан болатын. Ол демократияны қалыпқа келтіруді алдымен АҚШ-тан бастау керек деп атап көрсетті. Сондықтан Батыс демократияны қайта тірілту үшін сөзден іске көшуді ұйғарды.
Басты түйткіл ол әрекетті неден бастау керек екенінде болып отыр. Себебі ешбір БАҚ жарияламаған қызықсыз баяндамалардан нәтиже болмайтыны анық. Әйтсе де АҚШ-тағы демократтар үкіметі бұл іс-шараны пайдалы іске бағытталған алғашқы қадам деп бағалады.
АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялық тізіміне кірмегендер қай барлау саласына қызмет етеді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Әлем
АҚШ Украина үшін Ресеймен соғыса ма – сауалнама нәтижесі
АҚШ әкімшілігі көшбасшы екенін паш ету мақсатында саммитке арнап халықаралық бағдарламалар топтамасын әзірлегені анықталды. Оның кейбіріне тіпті арнайы қаражат бөлу қарастырылған. Оның барлығы "демократиялық жаңару бойынша президент бағдарламасы" деп аталады.
Құжатта "азат және тәуелсіз БАҚ-ты" қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, демократ-реформаторларды қолдау, демократияға бағытталған технологияларды (ең алдымен ақпараттық) сүйемелдеу, "еркін және әділ сайлауды" қорғау негізгі бағдар ретінде көрсетілген.
Алайда бұған дейін осы жоспар жүзеге асырылып келді емес пе деген сұрақ туындайды. Өйткені барлық үкімет үшін ақпараттық науқан жүргізу, сайлау нәтижесін даулау, интернетте ақпараттық соғыс жүргізу сынды әрекеттер бұған дейін де болып жатты.
Жалпы, барлығына бірдей демократияның дұрыс үлгісін міндеттеу екі нәтижеге алып келді. Біріншісі: әлемде сәнге айналған идеолгия – бұл адамдарды қандай да бір өмір салтына мәжбүрлеуді доғарып, өз қалауларынша тіршілік етуге мүмкіндік беріңдер деген ұран. Ал екінші: демократияның арғы жағында зеріктіретін, жалықтыратын ұстанымдар тұр.
Жаңалықтар
0