Әлем

АҚШ 160 әскери ұшақты қолданыстан шығарады

© Photo : Министерство обороны КазахстанаАрхивное фото летно-тактических учений ВС РК
Архивное фото летно-тактических учений ВС РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
АҚШ Әскери-әуе күштері ескірген техниканы есептен шығаруға конгресті көндіре алмай келеді. Шенеуніктер бұл ұсынысты қолдамай отыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. 2022 жылы АҚШ Әскери-әуе күштері 160-қа жуық әскери машинаны есептен шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында жойғыш ұшақтар, пилотсыз басқарылатын аппараттар, барлаушы және жанармай тасушы ұшақтар бар. Пентагон осы қадам арқылы әлдеқайда заманауи үлгілерді модернизациялауға қаражат қарастыруды көздеп отыр, деп жазды РИА Новости.
Әлемде ең көп әскери ұшақ АҚШ-та тіркелген. Әскери-әуе күштері құрылымында шамамен 5800 борт бар. Осы техниканы күтіп-баптау және жарамды күйде ұстау Пентагонның таусылмас проблемасына айналды. Көп машинаның жасы 30 жылдан асып кеткен және олар бекерден-бекер ангарда орын алып тұр және жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат жұмсалып жатыр. Техникалық қызметкерлер анығында еш пайдасы жоқ ұшақтарға қызмет көрсетуге мәжбүр.
АҚШ Әскери-әуе күштері ескірген техниканы есептен шығаруға конгресті көндіре алмай келеді. Бірақ шенеуніктер бұл ұсынысты қолдамай отыр. Әйтпегенде әскерилер баяғыда-ақ 280 соққы жасаушы A-10 Thunderbolt II ұшағын тізімнен шығарар еді.
АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялық тізіміне кірмегендер қай барлау саласына қызмет етеді?  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Әлем
АҚШ Украина үшін Ресеймен соғыса ма – сауалнама нәтижесі
1977 жылдан бері қарулану қатарында тұрған бұл ұшақтар көптеген қарулы қақтығысқа қатысып үлгерді және жаяу әскерді қолдаудың сенімді құралы деген атаққа лайық екенін дәлелдеді. Бірақ ең "жас" ұшақтың пайдалануға берілгеніне 35 жылдан асып кетті. Олардың мүмкіндіктерін заманауи машиналар оңай орындай алады.
Конгресмендер жақында Әскери-әуе күштерінің ұсынысын қабылдады: 2022 жылы 160-қа жуық ұшақ пайдаланудан шығарылады. Олардың қатарында 48 дана F-15C/DEagle, 47 дана F-16C/D Fighting Falcon бар. Бұл жойғыш ұшақтарды F-35 пен F-15EX машиналарымен алмастырады.
E-8 JSTARS соғысты басқару және нысананы бағыттауға арналған төрт ұшақ әскери-әуе күштері қатарынан шығарылады. Олар 1996 жылдан бері әскери техника қатарына енгенімен, бұл машиналарды пайдалану тым қымбатқа түсіп жатыр. Әзірше E-8 JSTARS ұшақтарын қандай техникамен алмастыратыны белгісіз. Себебі 209 жылы жаңа "әуедегі штаб" құрылысын тоқтатып қойған болатын.
Стратегиялық барлауға арналған пилотсыз басқару аппараттары флотына үлкен шығын келейін деп тұр. 29 дана RQ-4 Global Hawk Block-30 дронының 20-сы тізімнен шығарылады. Пилотсыз басқарылатын бұл ұшақтар оператордан 22 мың километр қашықтықта 18 мың метр биіктікте 30 сағат бойы барлау жүргізуге қауқарлы.
Сауле Омарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Әлем
Сәуле Омарова АҚШ-та басшылық қызметтен бас тартты
Америкалықтар 2000-жылдардан бері бүкіл әлем бойынша RQ-4 дрондарын қарқынды қолданып келеді. Дегенмен бұл техника жиі бұзылып, оны жөндеу қомақты қаражатты қажет етіп отыр. Сондықтан әскери тапсырмаға пилот басқаратын U-2 барлау ұшағын жөнелткен әлдеқайда арзан болады. Global Hawk функциялары RQ-170 Sentinel пилотсыз ұшақтарына берілетін сыңайлы.
Ірі ұшақтар да қатардан кетеді деп жоспарланып отыр: жанармай тасымалдайтын KC-135 Stratotanker және KC-10 Extender 32 дана ұшағы 52 жыл қатарда қызмет етті. 1981 жылы қарулануға қабылданған "Экстендерлер" әлі де жарамды болса, 1954-1956 жылдары пайдалануға берілген "Стратотанкерлер" бүгінде тиімсіз металл бөлігіне айналды. Оның орнын басуы тиісті КС-46 жаңа танкерінің бірқатар ақауы анықталды және оларды жою үшін 55 миллион доллар жұмсалады. Пентагон перспективалы жанармай тасымалдаушы ұшақтың армияға жеткізілуін әзірше 2024 жылға дейін кейінге қалдырды.
Тізімді C-130H Hercules әскери тасымалдаушы 13 ұшағы тұйықтап тұр. Олардың бесеуі қозғалтқышы мен авионикасы жаңа заманауи C-130J Super Hercules ұшақтарымен алмастырылады. Алайда АҚШ Әскери-әуе күштерінде мұндай 279 машина бар. C-130J Super Hercules түрлі модификацияда 1954 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл әлемдегі ең кең таралған әскери тасымалдағыш ұшақтар.
Ұшақтарды жаппай пайдаланудан шығару америкалық авиацияның олқылығын көрсетіп тұр. АҚШ есеп палатасының алдыңғы жылғы есебінде Әскери-әуе күштері, Әскери-теңіз күштері, Теңіз жаяу әскері мен Құрлықтағы әскер авиапаркінің инспекциясы негізінде көп машина әуеге көтерілуге жарамсыз екені айтылды.
Испытания крылатой ракеты с ядерным двигателем «Буревестник» - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
АҚШ Балтық елдеріне ядролы зымырандар орналастыруды көздеп отыр
Норматив бойынша, ұшу аппаратының 80 проценті кез келген уақытта аспанға көтерілуге дайын болуы керек. 2011-2019 жылдары инспекторлар тексерген ұшақ пен тікұшақтың 46 түрінің тек үш моделі талаптарға біршама сәйкес болды.
24 ұшақтың авиапаркі тоғыз жыл ішінде 80 процентке дайындық деңгейіне жете алмаған. Есеп палатасы мұны апатты жағдай деп атады. Бұл F-16 жойғыш ұшақтарына, V-22 Osprey ұшу аппаратына, E-2 Hawkeye палубалы барлаушы ұшақтарына және тағы басқаларына қатысты болды. Ұшақтардың 11 түрінің соғысқа дайындығы тіпті 55 процентке жетпеген.
Сонымен қатар ұшатын машиналарды дер кезінде жөндеу үшін қажетті жабдықтардың тапшылығы да жағдайды ушықтырып отыр. Бұл негізінен палубалық F/A-18E/F Super Hornet пен EA-18G Growler қатысты. Осы ұшақтарға қажетті жабдық бүгінде шығарылмайды. Себебі оны өндірушілер нарықтан кеткен.
Ал B-1 Lancer стратегиялық бомбалаушы ұшағының жағдай тіпті мүшкіл: 62 борттың алтауы ғана соғысуға жарамды. В-1 көбіне қолайсыз климаттық жағдайда, Таяу Шығыста мыңдаған ұшуды орындап, ақырында қатты ескірді. Жақында ғана Пентагон 17 бомбалаушы ұшақты тізімнен шығаратыны белгілі болды.
Жаңалықтар
0