Әлем

АҚШ Украина үшін Ресеймен соғыса ма – сауалнама нәтижесі

Жазылу
Президент Байден Шығыс Еуропадағы НАТО армиясын күшейту үшін америкалық әскерді жөнелтуге уәде етті
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Бүкіл әлем Донбасс проблемасын, Минск келісімдерінің орындалмауы, Украинаның НАТО-ға қалай да мүше болғысы келетінін талқылағанмен, бәрі де бұл мәселеге Украинаның қатысы шамалы екенін анық түсініп отыр, деп жазды РИА Новости.
Соңғы отыз жыл бойы осы елдің айналасында проблема таусылған емес. Украина кеңестік ескі газ құбырлары төңірегінде орналасқан ел болғанымен, қазір бұл құбырлар босап, оккупацияланған аумақ, азаматтық соғыс өршіп тұрған ел, батысқа қарай көз тіккен мемлекет қалды. Украина Ресей мен Америка арасындағы текетіресте түрлі сылтауға негіз болатын тиімді құралға айналды.
Себебі 2008 жылы Грузия төңірегіндегі оқиға да басты мәселе Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы болатын. Сол шақта да бірінші тұлғалар арасында келіссөз жүріп, соңғы ескертпелер жасалып, дипломатиялық белсенділік артты. Ендеше қазір "америкалықтар Украина үшін Ресеймен соғысуға дайын ба?" деген басты сұрақ туындап отыр.
Обломки и завалы, образовавшиеся в результате наводнения в Шульде, западная Германия - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2021
Әлем
АҚШ-та бірнеше қала жермен-жексен болды: 110 адам өлді – видео
Украинаға әскер жөнелтуге және Ресейге қарсы ядролық қару қолдануға уәде еткен Сенатор Рожер Уикердің Твиттердегі мәлімдемесі шу болды. Сол сияқты сенатор Джони Эрнст "Қорғаныс жаңалықтарында" ойдан шығарылған ресейлік агрессиямен күрестің бүтіндей жоспарын жариялады. Ол ротациялық негізде НАТО әскери Украинада тұрақты болуын ұсынып отыр. Эрнст пен Уикер де республикашыл партия мүшелері екенін де айта кету керек.
Демократтар мәлімдемесі бұдан да зор. Президент Байден Шығыс Еуропадағы НАТО армиясын күшейту үшін америкалық әскерді жөнелтуге уәде етті. Ал Виктория Нуланд бастаған оның ізбасарлары осы әрекетті толық қолдап отыр.
Қос партияда да түсініксіз дүрбелең басталғанын байқаған FoxNews саяси шолушысы Такер Карлсон "Трамп осы секілді мәлімдемелерге жол бермей, мәнсіз-мағынасыз соғысқа тосқауыл бола алғаны үшін мақтауға лайық" деп жазды.
Расында да Трамп Украина жайлы мүлде ұмытып, Қытай секілді нарықтағы маңызды ойыншылармен сауда соғысын жүргізуді жөн көрді. Алайда ҚХДР-мен шынайы қақтығыс қаупі туындағанда, кері шегініп, достық байланысты нығайтуға тырысты. Сонда кәсіби құрылысшы Трамп кәсіби саясаткерлерге қарағанда халықаралық істі жақсы түсінетін болғаны ма?
Испытания крылатой ракеты с ядерным двигателем «Буревестник» - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
АҚШ Балтық елдеріне ядролы зымырандар орналастыруды көздеп отыр
Украина төңірегіндегі қазіргі жағдай Карби дағдарысына қатты ұқсайтыны осыған дейін жиі айтылды. Мұндай кезде америкалық ақпараттық саясат артып, еш негізсіз мәлімдемелер артады.
1960 жылы сенатор Джон Кеннеди Пентагон үшін бюджет қаражатын бөліп, бұшл егемендікті сақап қалу үшін қажет екенін алға тартты. Ал 1961 жылдың маусымында Кеннеди президент болып, Венада Хрущевпен кездесті. Көшбасшылар қазіргі Украина секілді, ол шақта Батыс Берлин тағдырын талқылап жатты. Кеннеди ядролық қару бойынша кеңес үкіметінен басым екеніне мақтанғанымен, Венадағы кездесу Фидель Кастроны құлату бойынша америкалық сәтсіз операциядан кейін болған еді. Сол сияқты, Байден мен Путин кездесуі де америкалық әскер Ауғанстаннан біржола кеткеннен кейін ұйымдастырылды.
Екі кездесу де нақты нәтижеге жол ашқан жоқ. Бірақ 1961 жылы агрессивті америкалық ұстаным мен Түркияда өз зымырандарын орналастыру Хрущевті Кубаға зымыран жөнелтуге мәжбүрледі.
Эсминец Портер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
АҚШ эсминецтері Украинаға көмекке келе ме
Бүгінде америкалықтар Украина жайлы не ойлайды? 2014 жылы Washington Post газеті "Америкалықтар Украина үшін соғысуды қалай ма?" деген сауалнама нәтижесін жариялады. Ол кезде сауалнамаға қатысқандардың 13 проценті соғысты қолдады. Сонымен қатар олардан картадан Украинаны көрсетуді сұрады. Тек 16 проценті мемлекетті дәл тапты. Сондықтан Украинаның қайда орналасқанын білмейтіндер соғысты қалады деген тұжырым жасалды. АҚШ тұрғындары Украинаны Африкада, Үндістанда, Аляскада, Исландияда деп ойлаған.
Бүгінде америкалықтарды да, еуропалықтарды да соғысқа дайындап жатыр. Қазіргі уақыттағы қиыншылықтар арқылы билік халыққа "соғыс кезінде ахуал бұдан әлдеқайда болады" дегенді меңзегісі келетіндей. Жалпы халық жағдайы нашарласа, олар соғысуға бейім болады. Себебі соғыс әлеуметтік саты, тоя тамақтанудың жалғыз мүмкіндігіне айналады. Өркениетті Украинада осыдан жиырма жыл бұрын ешкім НАТО-ға кіргісі келмеді. Ал қазір елдің жартысынан көбі осы идеяяны қолдап отыр.
Америкада да дәл осы жағдай. 2021 жылы америкалықтардың жартысы Ресеймен соғысуға АҚШ сарбаздарын жөнелтуге келісті. Бірақ бұл сауалнама осы жылдың шілдесінде жүргізілген. Ауғанстанддағы ахуалдан кейін сауалнама нәтижесі басқа болатыны сөзсіз.
Жаңалықтар
0