Әлем

Сәуле Омарова АҚШ-та басшылық қызметтен бас тартты

Сауле Омарова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Байден Сәуле Омарованың валютаны бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдады
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Сәуле Омарова АҚШ қаржы министрлігінде банктердің реттеушісі қызметінен бас тартты, деп хабарлады Ақ үй.
Қазақстанның Орал қаласында дүниеге келген Омарова сенатта оның кандидатурасын бекіту кезінде қарсылыққа тап болды. Жергілікті БАҚ ақпаратына сәйкес, ол жеткілікті дауыс жинай алмаған.
"Сәуле Омарованың валютаны бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатурасын қайтарып алу туралы өтінішін қабылдадым", - деді АҚШ президенті Джо Байден.
Сенат тыңдауында Омарова қатты сынға ұшырады, республикашыл сенатор Джон Кеннеди оны профессор деп пе әлде "жолдас" деп атау керек пе деп сұрады, деп жазды РИА Новости.
Омарова туыстарының сталиндік режимде қудаланғанын айтты.
Сенатор Пэт Туми бұған дейін Омарованың академиялық жұмысын "банк индустриясы үшін социалистік манифест" деп атаған. Туми бұған дейін Омаровадан Карл Маркстің көзқарастарына арналған ММУ-де алған дипломының түпнұсқасын көрсетуді талап еткен, бірақ қолжазбаға қол жеткізе алмады.
Тағы бір республикашыл Майк Раундстың айтуынша, Омарова бүкіл индустрияны өз көзқарасымен "қорқытты".
Омарова Wall Street Journal газетіне еркін нарықты қолдайтынын, бірақ тәуекелді операциялардан түскен барлық пайданы банктердің өзіне қалдырғанын қаламайтынын айтты. Оның айтуынша, ол америкалық салық төлеушілерді банктерді сақтандырудан қорғағысы келеді.
Омарова 2020 жылы шыққан ғылыми мақаласында банк депозиттерін федералды резервтік жүйеге ауыстыру мәселесін көтерді. Ол сондай-ақ реттеуші қаржылық тұрақтылық үшін тәуекел деп есептейтін ірі банктердің мөлшерін азайтуға шақырды.
Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірген. 1991 жылдан бастап АҚШ-та тұрады. 2021 жылдың қыркүйегінде президент Джо Байден оны АҚШ-тың қаржылық бақылау басқармасының бастығы қызметіне ұсынды.
Жаңалықтар
0