Әлем

Таяу Шығыс АҚШ пен Ресейдің өзара мәмілеге келуіне себепші болуы мүмкін

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуБелый дом в Вашингтоне
Белый дом в Вашингтоне - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Ресей әлемдегі жаңа тәртіпті қалайды және осы мақсатта әрекет етіп жатыр. Бірақ орыстар атлантикалық жобаның құлдырауын үдетуді көздеп отырған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Батыс Ресей белгілеген "қызыл сызыққа" қатысты қандай реакция білдірерін білмей, дауласып жатыр: себебі Мәскеу ұсынған АҚШ-пен келісімшартты және НАТО-мен келісім жобаларын жайдан-жай кері қайтаруға болмайды.
Ресейді бүкіл әлемге одан әрі де агрессор ретінде көрсетуді қолдайтындар ресейлік ұсынысқа бірмәнді теріс реакцияның болмауы Мәскеудің алдында кері шегінуді білдіреді, сондай-ақ Путинге жігер беріп, "Украинаға шабуылдауға" тікелей итермелеу болып қабылданады деп санайды. Бұл туралы РИА Новости колумнисі жазды.   
The Wall Street Journal жазғандай, "Путиннің қойған талаптары АҚШ пен НАТО-ны келеке етумен тең" және "Батыс өзін тоқтататын ешқандай шара қабылдамайтынына нық сенімді екенін білдірсе керек".
Автор Ресей Украинаға шабуыл жасамайтынын атлантистерге дәлелдеуден жалыққанын атап өтті. Себебі Батыс өзі ойлап тапқан "орыстар қаупіне" бүгінде өзі сеніп қалған. Сондықтан Ресей бейбіт әлемге құштарлығын айқындаудың қазір мәні жоқ деп отыр. Бір ай бұрын Владимир Путин айтқандай, "соңғы уақытта Ресейдің ескертулері белгілі бір әсер тудырған".
Президент РФ Владимир Путин во время переговоров с президентом США Джозефом Байденом - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Әлем
"Қызыл сызық" және Украина – Путин мен Байден талқылаған мәселелер
Түсінікті тілмен айтқанда, Ресей Батыстың русофобиясын өзіне қарсы қолдануға бел байлап отыр. Өйткені сындарды диалог жүргізуден бұрын "әріптестердің" абыржыған күйін пайдаланып қалу керек. Оның үстіне атлантикалық стратегтердің арасындағы саналылары ресейлік мүддені елемеудің мәні жоқ екенін жақсы түсініп отыр. Ресеймен келіссөз жүргізіп, мәмілеге келу қажет. Бұл барлық салада мүмкін болмағанымен, өзара тиімді мүдделерді талқылауға ниет болса, онда тіл табысуға болады. Бұл түрлі өңірлік проблемалар мен қақтығыстарға да қатысты.
"Ресейдің мүддесі тек посткеңестік кеңістікпен шектелмейді. Бірақ Ресей ол кеңістікке қатысты сырттан болатын қандай да бір әрекетті жіті бақылауда ұстап отыр. Ресей әлемнің бүкіл өңірімен тығыз байланысты.Тек Қытай мен Жапония ғана емес, Оңтүстік-Шығыс Азияның бүкіл өңірі – АСЕАН елдері Ресей үшін жақын мемлекеттер", - деп жазды колумнист.
Оның айтуынша, Таяу Шығыс – Ресей Каспийде Иранмен шекаралас болғандықтан, бұл тіпті шекара маңы өңіріне жатады. Тек Оңтүстік Америка мен Африка ғана орыстардың шекарасынан алшақ жатыр. Бірақ бұл елде де тарихи байланыс қалыптасқан. Осыған байланысты Батыс бүкіл әлемді Ресейге қарсы тұру алаңы ретінде қарастыруын доғаруы керек. Себебі Ресей альтернативті жаһандық жүйе құруды көздеп отырған жоқ. Көпполярлы әлемге қарай ұмтылыс аясында Ресей өзін конструктивті және жауапты ойыншы ретінде таныстырып отыр.
Ал Батыс елдері Ресей КСРО-ны ыдыратқаны үшін АҚШ пен Еуропадан кек қайтаруды көздейді деген үгіт-насихатты әлі жалғастырып жатыр. Бәлкім, Ресей АҚШ пен Еуропаның қателіктерін өз кәдесіне жаратқысы келетін болар. Бірақ Мәскеу әлемдегі тыныштықтың бұзылмауын, жекелеген өңірдегі қақтығыстың ширықпауын көксейді. Өйткені Ресей бұл елдердің басым бөлігімен көрші.
Ресей әлемдегі жаңа тәртіпті қалайды және осы мақсатта әрекет етіп жатыр. Бірақ орыстар атлантикалық жобаның құлдырауын үдетуді көздеп отырған жоқ. Ол қазір аяқталып жатқан атлантикалық, батыс дәуірінің жаңа әлемге қадам басқанын қалайды. Бұл Батыстың стратегиялық мүдделеріне де сай келіп отыр. Өйткені Батыс бүгінде гегемон позициясынан ықпалды жаһандық ойыншы ұстанымына көшуді қалап отыр.
Осы тұста өңір бойынша Анатоль Ливеннің (басты англосаксондық мамандардың бірі) "Таяу  Шығыста Ресей бағыты дұрыс" атты мақаласы назар аудартып отыр. Левин "Ресей халықаралық тәртіпті бұзуға ұмтылып жатыр" дегенді неге тұрақты айтамыз" деп сауал тастады Ливен.
"Соңғы жиырма жылда өңірдегі кво-статусын бұзумен тек АҚШ айналысты. Ресей негізгі мәселелер бойынша Америка саясатына қарсы шықты. Уақыт өте келе олар тек Мәскеу мен өңірдің ғана емес, АҚШ пен Батыстың мүддесі үшін де тиімді әрі дұрыс болғанына көз жетті.
Газопровод, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2021
Әлем
Америка сұйылтылған табиғи газ өндірісін ұлғайтты
Әрине, Ресей өз саясатын жеке мүдделерін басшылыққа алып дайындайды. Бірақ оның Батыс мүддесіне сәйкес келуі тектен-тек емес. Таяу Шығыс елдерінің сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласындағы Ресей әрекеттері сенімді және кей тұстары америкалық элитаға жақын есептер арқылы құрылады".
Ливен "ресейлік есепті антидемократиялық деп атауға болғанымен, оны дүрбелең мен азаматтық соғыс алдындағы үрей және мемлекеттің осалдығын сезіну, революциялық өзгерістерге күмәнмен қарау әдісі деп сипаттауға болатынын" жазған:
"Оған Ресейдің ХХ ғасырдағы тарихы себепші. Кеңестік тәжірибе ресейліктерді әмбебап идеологиялық шаблон бойынша революциялық түрлену жобаларына күмәнмен қарауға мәжбүрледі. Себебі кеңестік коммунизм Ресейді салдары ауыр апаттарға алып келді. Сондықтан орыстар негізгі мәселелер бойынша америкалықтардың жобасы 1980-жылдардағы кеңестік әрекетке ұқсайды деп тауып, оның сәтсіз аяқталатынына сенімді болды".
Анатоль Ливен Владимир Путин Американың Иракқа басып кіруіне, Ливия операциясына қарсы болғанын, "демократияны экспорттау" мемлекеттің түбіне жетеді деп санағанын еске салды. Расында да дәл солай болды: америкалықтар қателесті.
Ливен 2011 жылы Джо Байден мен Хилари Клинтон Обамаға мысыр президенті Мубарактың отставкаға кетуіне қолдау білдірмеуге кеңес бергенін еске түсірді. Себебі оның орнын басатын адам жоқ еді. Байден мен Клинтон АҚШ үшін маңызды араб еліндегі аласапыраннан үрейленді. Ресей де өзіне тату Сириядағы Асадтың тақтан құлауынан үріккен еді.
Қазір Байден әкімшілігі екі ел мүддесі сәйкес келетін салада Ресеймен ынтымақтастық орнатуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазды Ливен:
"Соңғы жиырма жылдағы Таяу Шығыстағы жағдай осы салада ынтымақтастық үшін мызғымас негіз бар екенін көрсетіп тұр".
Бұл мүмкін бе? Ең бірінші кезекте мұндай қадам Ресей емес, АҚШ-тың өзі үшін маңызды. Жалпы Америка Ресейдің мүддесін есепке алмай, өңірде әрекет ете алмайды. Бұл тек Таяу Шығысқа ғана қатысты емес. Бірақ дәл осы өңірде бір-брінің өзара тиімді мүдделерін келісу саясатына бет бұруға мүмкіндік бар. Әлемде жаңа тәртіп орнап жатыр. Сондықтан оны елемеуге болмайды.
Жаңалықтар
0