Денсаулық

Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты ақпаратты бөлісті

Алексей Цой - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2021
Жазылу
Қазіргі уақытта алты өңір "жасыл" аймаққа енді. Бес өңір "қызыл" және алты облыс "сары" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәжілісте өткен үкімет сағатында елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Цой Қазақстан 4 коронавирус толқынын өткенін атап өтті. Айтуынша, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды уақытылы жүргізу аурушаңдық төмендеуіне және эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына септігін тигізді.

"Қазіргі таңда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізілді. Тәулігіне індетке шалдыққан 2 мың адамға дейін тіркеледі, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,2 есе, 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеді", - деді министр.

Сондай-ақ республика бойынша инфекциялық және реанимациялық төсек-орын қоры да азайған. Бүгінде елде инфекциялық төсек-орынның 36%-і, реанимациялық төсек-орынның 33%-і бос емес.

Төсек-орын қорының резерві 22 мың орынды құрайды.

Цой эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына да тоқталды.

Айтуынша, қазір 6 өңір (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары) "сары" аймақта тұр. Еліміз де сары аймақта.

6 өңір – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы "жасыл" аймақта орналасса, 5 өңір (Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары) "қызыл" аймақта.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0