Eta штамы республика астанасында, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстарында анықталды.
Жаңа штамның пайда болғаны туралы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды. Қазірде әлемнің 77 елінде тараған.
Оның белгілері Alpha (британдық) және Beta (оңтүстік африкалық) штамдармен бірдей. Коронавирустың бұл штамын жұқтырған жағдайда дене қызуы көтеріледі, жөтел болады, иіс пен дәм сезу жоғалады, науқас қатты ауырады.
Сонымен қатар Eta штамын диагностикалау мен дәрі-дәрмекпен емдеу қиынға соғады, вирустың адамнан адамға жылдам таралуына әсер етуі мүмкін.