НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучидің айтуынша, коронавирустың жаңа "мю" штамы ғалымдардың алаңдаушылығын туғызып отыр.
"Оның бірнеше мутациясы бар. Осылайша ол антиденелерді айналып өту қасиетіне ие", - деді сарапшы CBS телеарнасына берген сұхбатында.
Сонымент қатар Фаучи АҚШ үшін "мю" штамы әзірге қауіп төндіріп тұрмағанын, елде "дельта" штамы кең таралғанын атап өтті.
Дегенмен мамандар "мю" штамын жіті бақылауға алып, оған бей-жай қарап отырған жоқ.
Коронавирустың B.1.621, яғни "мю" штамы жылдың басында Колумбияда анықталды. Ол 40 елге таралып отыр. Оның ішінде Перу, Чили, АҚШ және өзге елдер бар.
ТМД аумағында жаңа штамның пайда болғаны туралы ақпарат жоқ.
Оқи отырыңыз: Қытайлар коронавирустың пайда болуына қатысты тағы бір болжам жасады