14:39 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
670 0 0

Хабарламада оқушылардың ата-анасына диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы екпе салуға арналған келісім бланкісі берілетіні айтылған. Оған қол қойса, балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егілетін көрінеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тағы бір фейк тарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.  

Орыс тіліндегі хабарламада оқушылардың ата-анасына диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы екпе салуға арналған келісім бланкісі берілетіні туралы айтылған. Оған қол қойса, балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егіледі.

"Сақ болыңыздар. Мектепте диаскин тест жасауға және тұмауға қарсы екпе салуға арналған келісімді бір бланкпен береді. Диаскинге келісім бере отырып, тұмауға қарсы екпеге де рұқсат бересіздер. Мәселе мынада, бүгін Мантуров бір жаңалық айтты. Қазіргі кезде тұмау мен коронавирусқа қарсы жаңа вакцина әзірленіп жатыр. Ол бір флаконда болады екен", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев диаскин тест пен тұмауға қарсы вакцина екі бөлек шара екенін айтты.

"Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаға бірдей жасалмайды. Оны Манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Сосын диаскин тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакциналау да мектепте жүргізілмейді", – деді Байтанаев.

Осы орайда комитеттің ресми өкілі Қазақстанда ғана емес, жалпы әлем бойынша бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ екенін хабарлады.

Загрузка...

Басты тақырып