Қоғам

Imanbek "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіске жетті

© Photo : Instagram / imanbekmusicИманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бұл номинация бойынша бірнеше ресейлік актер, сондай-ақ рэп-орындаушы бақ сынап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек — Sputnik. Қазақстандық белгілі диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) әйгілі GQ "Men of the year 2021" ерлер журналының  "Жыл жаңалығы" номинациясы бойынша премияға ие болды.

Бұған дейін Иманбек әлеуметтік желіде өзіне дауыс беруге үндеген. "Кәне, оларға не істей алатынымызды көрсетейікші", - деп жазды ол өз парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

GQ журналы түрлі номинация бойынша жеңіске жеткендер тізімін жариялады.  

© Photo : Instagram / imanbekmusicИманбек желіде премия алу сәтінен кадрлар жариялады
Imanbek Жыл жаңалығы номинациясында жеңіске жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Иманбек желіде премия алу сәтінен кадрлар жариялады

"Grammy сыйлығы, түрлі аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдарман мен әлемдік музыкалық компаниялар және лейблдармен келісімшарт. Биыл барлық жерден естілген рэпер SAINt JHN-нің Roses трекін жасаушы қазақстандық жас диджей мен продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл үлкен істің басы ғана деген сенімдеміз", - деп жазды GQ.

Бұл номинация бойынша Иманбекке қарсылас болғандар - ресейлік актерлер Евгений Сангаджиев, Владимир Онохов, Федор Федотов, сондай-ақ рэп-орындаушы Soda Luv.

Иманбек GQ сыйлығына үміткер жалғыз қазақстандық емес. Белгілі стендап-комик Евгений Чебатков  "Экрандағы бейне" номинациясында бақ сынап көрді. Алайда сыйлық актер және видеоблогер Антон Лапенкоға бұйырды. 

© Photo : VKСкриптонит
Imanbek Жыл жаңалығы номинациясында жеңіске жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Скриптонит

Белгілі рэпер Скриптонит  "Жыл музыканты" номинациясына қатысты, алайда оны музыкант Feduk еншіледі.

"Жыл продюсері" номинациясынан үміткер Тимур Бекмамбетовтің де байқауда жолы болмады. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0