Қоғам

Роза Рымбаева Иманбек төңірегіндегі дауға нүкте қойды

© Sputnik / Виктор ТолочкоРоза Рымбаева
Роза Рымбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Роза Рымбаева қазақстандық диджей туралы пікір айтудан мүлде бас тартып, телефон тұтқасын қоя салды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Халық әртісі Роза Рымбаева әнші ұлы Әли Оқаповтың мәлімдемесі туралы не ойлайтынын айтудан бас тартты. 

Жақында Роза Рымбаева Grammy иегері Иманбек Зейкеновтің шығармашылығын сынға алған болатын. Халық әртісі қазақстандық диджейдің "жай ғана жолы болғанын" айтты.

Осы мәлімдемеден кейін желі қолданушылары әншіні сынап тастады. Таяқтың бір ұшы оның ұлы Әли Оқаповқа да тиді.

Көп ұзамай Оқапов бейнеүндеу жазып, анасының Иманбек жайлы пікірімен келіспейтінін, бұл жағдай жанын жабырқатқан адамдардан кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді.

"Экспресс К" басылымы Роза Рымбаеваға хабарласып, ұлының айтқан сөздері туралы не ойлайтынын сұрады. Алайда ол жауап беруден бас тартты.

"Мен Иманбек туралы пікір айтудан мүлде бас тартамын. Журналистерге сұхбат бердім, енді мені қалған әңгімелерге тартудың қажеті жоқ, дұрыс па? Айттым, болды! Келісемін – келіспеймін, біреу қарсы, біреу қолдайды – маған мүлде бәрібір!", - деген Рымбаева телефонды қоя салды.

Бұған дейін әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде Иманбек Роза Рымбаеваның сөзі туралы не ойлайтынын айтты.

"Мен оған ересек адам ретінде қараймын. Олар аға буын, мен ешқашан оларды сынамаймын. Дауласпаймын да, бұл оның пікірі, мен тыңдадым, түсіндім", - деп жауап берді диджей.

Тағы оқыңыз: Imanbek Роза Рымбаеваның сынына жауап берді

Иманбек Зейкенов (Imanbek) – Grammy музыкалық сыйлығын иеленген алғашқы қазақ. Диджей сыйлықты танымал "Roses" әнінің ремиксі үшін алды.

Жаңалықтар
0