04:50 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
443310

Әли Оқапов анасы мен Иманбектің айналасындағы дауға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті, дегенмен жауапкершілікті мойнына алып, бұл жағдай жанын жабырқатқан адамдардан кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов өзінің Instagram парақшасында анасының Иманбек жайлы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

"Шынымды айтсам, анамның пікірімен келіспеймін. Мен оны сол күні таңертең видеоны көрген кезде-ақ айттым, оған барып, қателескенін жеткіздім. Неліктен? Себебі, біріншіден, анам сөз еткен музыкалық сауаттылыққа қатысты айтсақ, меніңше Грэмми адамның музыкалық білімі бар-жоғын елең қылмайды. Барлық уақытта талант ең маңызды болып қала бермек", - деді Әли Оқапов.

Оның пікірінше, талант қана адамдарды Грэммиге жетелейді, олардың дипломы емес, тек таланты ескеріледі. Иманбектің жағдайында бұл факт.  

"Оның Грэмми алуға тағы қандай мүмкіндігі болып еді? Тек таланты арқылы жетті ғой. Сәттілікке келетін болсақ, менің ойымша, сәттілік кез келгеніміз үшін үлкен рөл атқарады", - деді халық әртісінің ұлы.

Ол өзінің бұл жағдайға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті, дегенмен отбасындағы үлкен ер азамат болғандықтан, жауапкершілікті мойнына алып, бұл жағдай жанын жабырқатқан адамдардан кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді.

"Мен оның пікірімен келіспеймін, бірақ оның пікір білдіруге толық құқығы бар, бұл талғамға қатысты мәселе, басқа ештеңе емес", - деп толықтырды Оқапов.

Ол қолданушыларды шектен шықпауға шақырды, өйткені халық әртісінің сөзінде жаман ештеңе болған жоқ.

Еске сала кетейік, Роза Рымбаева Грэмми сыйлығын иеленген қазақстандық диджей Иманбектің шығармашылығын сынға алған болатын.

"Ол кәсіби музыкант емес. Оның жай ғана жолы болды. Ырғағын, стилистикасын өзгертті, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны автор, орындаушы немесе автор-аранжировщик ретінде емес, remix ретінде бағалады. Ол тек жылдамдығын күшейтті, сөйтіп ырғағы өзгерді", - деді Рымбаева.

Оқи отырыңыз: Imanbek Роза Рымбаеваның сынына жауап берді

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде Иманбектен Роза Рымбаеваның сөзі туралы не ойлайтынын сұрады.

"Мен оған ересек адам ретінде қараймын. Олар аға буын, мен ешқашан оларды сынамаймын. Дауласпаймын да, бұл оның пікірі, мен тыңдадым, түсіндім", - деп жауап берді диджей.

Иманбек Зейкенов (Imanbek) – Grammy музыкалық сыйлығын иеленген алғашқы қазақ. Диджей сыйлықты танымал "Roses" әнінің ремиксі үшін алды.

Кілт сөздер:
Әли Оқапов, Роза Рымбаева, Иманбек Зейкенов
Загрузка...

Басты тақырып