Әлем

Imanbek ресейлік музыкалық фестивальде жұртты таңғалдырды – видео

© Photo : Twitter/Imanbek MusicИманбек Зейкенов
Иманбек Зейкенов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2021
Жазылу
Иманбек көп адам жиналған концертте өнер көрсетті. Ресейде ауқымды фестивальдер өткізуге рұқсат беріліп отыр

АЛМАТЫ, 1 тамыз — Sputnik. Белгілі қазақстандық диджей, Грэмми иегері Иманбек Зейкенов (Imanbek) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен музыка фестиваліне қатысты.

Қазақстандық диджей алтыншы "Столица закатов" фестивалінің хедлайнері болды. Ол Instagram-да сурет жариялап, көрерменге алғыс білдірді.

"Roses от SAINt JHN трегіне ремикс жазып, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналған Imanbek (@imanbekmusic ) алғаш рет Ресейде! Біздің Нижний Новгород қаласында!", - деп жазды ұйымдастырушылар.

Ол 31 шілде күні "Столица закатов" фестивалінде өнер көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Фестиваль заманауи электронды музыкаға арналды. Иманбектен бөлек, көрерменді Going Deeper, Swanky Tunes қуантты.

Жаңалықтар
0