Қоғам

Қос азаматтығы бар екінші шенеуніктің жұмыс орны белгілі болды  

© Sputnik / Владислав ВодневПаспорт гражданина Казахстана
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2021
Жазылу
Қазақстанда екі шенеуніктің қос азаматтығы бар болып шықты. Екеуі де қызметтен босатылды. Себебі Қазақстан Конституция бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз — Sputnik. Қазақстанда қос азаматтығы бар екі шенеунік анықталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігі бақылау департаментінің директоры Ерлан Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған жолдауынан кейін, яғни 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілер арасында қос азаматтықты анықтау шаралары белсенді түрде атқарылып жатыр. Осы уақытқа дейін қос азаматтыққа қатысты екі факт анықталды. Біреуі – Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, екіншісі – сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы – мемлекеттік инспектор", - деді Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бүгінде қос азаматтығы болған екі шенеунік те мемлекеттік қызметтен босатылды. Себебі Қазақстан Конституция бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қос азаматтық үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін 

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында қос азаматтығы бар екі мемлекеттік қызметшінің анықталғаны туралы айтқан.

Артынан Конституцияны бұзған бір шенеунік Шымкент қаласынан шықты. Ол - қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Олег Почивалов. Бас кезінде басқарма бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда заң бұзушылық расталғаннан кейін шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин қос азаматтығы болған Почиваловқа араша түсті.

Алдағы уақытта Қазақстанда қос азаматтық үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0