Спорт

Илья Ильин Қазақстан азаматтығынан айырылған шенеунікке араша түсті

© Sputnik / Владислав ВодневПресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина
Пресс-конференция в студии Sputnik с участием Ильи Ильина - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Жазылу
Егер Олег Почиваловта Ресей азаматтығы болмаса, оған өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек, деп есептейді әлем чемпионы

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы, екі азаматтығы бар Олег Почиваловқа араша түсті. Қазақстанда Полчивалов секілді мамандардың аз екенін айтып, оған екінші мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Олег Почиваловты құрметтеймін. Меніңше, адам өзге елдің азаматтығын алған болса, Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей, баяғыда-ақ сол елге кетіп қалар еді. Еліміздегі білікті спорт мамандарын сақтап қалуға тырысу қажет, өйткені бізде мұндай маман көп емес. Егер ол кісіде Ресей азаматтығы болмаса, Олег Почиваловқа өңірдегі спортты дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек", - деп жазды спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Шымкент спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан мен Ресей азаматтығын алғаны 2020 жылдың соңында белгілі болды. Сол кезде спорт басқармасы бұл мәліметті жоққа шығарған.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік шенеунік Қазақстан азаматтығынан айырылды

Кейіннен басқарма басшысының қос азаматтығы бар екені анықталып, ол Қазақстан азаматтығынан айырылды.

"Азаматтық туралы" заңның 21-бабына сәйкес, көші-қон қызметі басқармасы Олег Владимирович Почиваловтың Қазақстан азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді", - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің көші-қон және азаматтық бөлімі мамандары.

Содан кейін шенеунік көші-қон полициясының шешімін сотқа берді, алайда бұл процесте жеңілді.

Жаңалықтар
0