Қоғам

Наурызбай қажы Тағанұлы: парақордың арам жолмен тапқан дүниесінің өтеуі ауыр болады

© PhotoНаурызбай қажы Тағанұлы
Наурызбай қажы Тағанұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ислам дінінде жемқорлық үлкен күнә болып саналады

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, "Нұр Астана" мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, пара алуға құныққан жанның арам жолмен тапқан дүниесінің өтеуі ауыр болады. Бұл туралы қажы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұйымдастырған дөңгелек үстел басындағы жиында айтты.   

"Сыбайлас жемқорлық — кез келген қоғамның індеті. Адамдық, діни тұрғыдан да оны ақтап алу мүмкін емес. Жемқорлық — қандай да бір басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкердің өзіне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке басының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық әрекеті", — дейді бас имам. 

Фемида - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында пара алған шенеунік сотталды

Наурызбай қажының айтуынша, асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады. 

"Жалпы, ислам шариғатында кез келген мәселенің үкімі құран-аяттар мен хадиске жүгіне отырып шығарылады. Бұл жөнінде Алла тағала қасиетті Құранның бақыра сүресінің 188-аятында: "Малдарыңды арам жолмен жемеңдер, сондай-ақ біле тұра адамдардың малының бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар" деген. Хадисте Пайғамбарымыздың пара беруші мен пара алушыны және арасында жүруші делдалды лағынеттегені туралы айтылған. Олай болса пара беруші мен пара алушының, тіпті олардың арасында жүруші дәнекерлеушінің екі өмірде де бақытқа жетпесі ақиқат", — дейді ҚМДБ наиб мүфтиі.

"Дана бабамыздың тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деп адамның ары мен малы таразыға түскенде, ешқандай таныс-тамырлықтың, сыбайластықтың болмайтындығын өмірінің негізгі қағидасы етіп ұстанғанын байқауға болады дейді имам. Оның сөзінше, парақордың халі о дүниеде ғана емес, осы дүниеде де қиынға соқпақ. 

Ақша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
60 мың теңге пара алған шенеунік 3,3 миллион теңге төлейді

"Көп жағдайда пара алуға құныққан жанның арам жолмен тапқан дүниесінің өтеуі ауыр болады. Арам жолмен тапқан мал мен дүниеде береке болмайды. "Отан отбасынан басталады" демекші, жемқорлыққа қарсы күресті әрбіріміз өз отбасымыздан бастап жүргізіп, бүгінгі ұрпақтарымыздың бойына "Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы" деген қасиетті қағиданы сіңірсек, жемқорлық, парақорлық дерттерінен аман болатынымыз анық", — дейді ол. 

Қажының сөзінше, көп жағдайда жемқорлық, парақорлыққа адамдарды қанағатсыздық, ашкөздік пен сабырсыздық итермелейді. Сондықтан "Қанағат қарын тойдырады" деген халқымыздың ұлағатты сөзін естен шығармаған жөн. 

"Ал Құранда Алла тағала "Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін, ал егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты" деп ескерткен. Яғни, Алла қандай бір өмір салтын нәсіп етсе, соған шүкір ету, сабырлық таныту керек, бұл Алланың берген нығметі, оның артында үлкен жақсылық болатыны барлығымызға айқын", — дейді ол.

Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мұғалімдер енді үй-үйді араламайтын болады

Наурызбай қажы сөз соңында қоғамның бұл індетімен күреске мешіттердің қандай үлес қосып жатқанына тоқталды. 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарауында 2,5 мыңнан астам мешіт бар. Әр жұмада бекітілген тақырып бойынша уағыз айтылады. Бір жұмадағы тақырыпты жемқорлыққа қарсы күреске арнаймыз. Мешіттерге жүздеген, мыңдаған адамдар жиналады. Ол халық қоғаммен араласып, өмір сүреді. Барынша сол адамдар арқылы уағыз-насихаттарымызды, бұл үлкен күнә екенін шамамыз келгенше жеткізіп жатырмыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын республикалық бірінші имамдар форумында төрт үлкен құжат қабылданды. Соның ішінде мұсылманның тұлғалық келбеті бойынша құжат қабылданды. Онда түрлі күнәлі істерден мұсылман өзінің тұлғасын таза ұстау қажеттігі жөнінде жазылған", — деді ҚМДБ наиб мүфтиі. 

Жаңалықтар
0