Өңірлер

Ақмола облысында пара алған шенеунік сотталды

© Photo : РixabayФемида
Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысы жемқорлық үшін бас бостандығынан айырылды

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik. Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің бұрынғы басшысы ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

қол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Пара алған екі лауазымды шенеунік ұсталды

Іс деректеріне жүгінсек, Бурабай ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімнің 52 жастағы басшысы қосалқы мердігерлік жұмыс алуға көмектескені үшін ЖШС менеджерінен 2 миллион теңге пара алған. Ақшалай қаражатты алған соң, Ұлттық бюро қызметкерлері жемқорды өз үйінің ауласында ұстады.

Сот үкіміне сәйкес, бұрынғы шенеунік қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге сотталушының мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды иелену құқығынан өмір бойына айырылды.  

Жаңалықтар
0