Оқиға

Пара алған екі лауазымды шенеунік ұсталды

© AP Photo / Moises Castilloқол
қол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жемқорлық жасады деген күдікпен Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мен Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы ұсталды.

АСТАНА, 21 ақпан — Sputnik. Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы пара алған екі лауазымды тұлғаны қолға түсірді.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қуандық Бишімбаев пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақмола облысында Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Жанатабек Қалабаевтың қылмысы әшкереленді. Ол құрылыстық мердігерлік шартын жасауға көмек көрсеткені үшін 2,5 млн теңге сомасында пәтерді жөндеу түрінде мүліктік пайда таппақ болған.

Ал Алматыда Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау бөлімінің басшысы Станислав Шегай ұсталды. Оған 5,5 млн. теңге мөлшерінде кеден бажын өндіріп алу және қайта есептеу бойынша шаралар қолданбау үшін кәсіпкерден 3 мың АҚШ доллар пара алды деген айып тағылып отыр. 

Қазіргі уақытта екеуі де ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Жаңалықтар
0