АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу дерегі бойынша ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.
Заңсыз жолмен алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан, деп хабарланады. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.