Оқиға

60 мың теңге пара алған шенеунік 3,3 миллион теңге төлейді

© SputnikАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс істер басқарма басшысы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырла отырып, оған 3,3 миллион теңге айыппұл салынды.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Ақмола гарнизоны әскери сотында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып бойынша Көкшетау қаласының Қорғаныс істер басқарма басшысы Қуанышбек Қамалиеке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Сотпен сотталушы Қамалиев жеке пайдакүнемдік қызығушылығы ниетімен мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды тұлға бола тұра қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, 60 000 теңге көлемінде ақшалай пара алған. 

"Ақмола облысы гарнизонының әскери соты сотталушы Қамалиевті, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлігі қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған өмір бойына билік өкілі қызметін атқарушы қызметтерде жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 3 342 032 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған. Қазақстан Республикасы ҚК-нің сәйкес, сотталушы "подполковник" әскери шенінен айырылған", — делінген хабарламада.

Сотталушының өз кінәсін мойындауы мен жасаған әрекеттеріне өкінуін ескеріп, оған айыппұл ретіндегі жазаны қолданды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

 

 


Жаңалықтар
0