Қоғам

Мұғалімдер енді үй-үйді араламайтын болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМұғалім
Мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді біраз "міндеттемелерден" құтқармақ

АСТАНА, 24 ақпан — Sputnik.  Білім және ғылым министрлігі өзге мемлекеттік органдардың мұғалімдерді халықты аралауға мәжбүрлеуіне тыйым салуды көздейді деп хабарлады білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. 

Ерлан Сағадиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сағадиев министрлік тізгінін ұстаған 1 жылда не істеді

"Тағы бір басты мақсат – мұғалімдердің мойнына өздеріне тән емес қызметтер тапсыруға тыйым салу. Мұны орындау оңай болмаса да, қолға алғалы отырмыз. Бүгінде бәрімізге аян – мұғалімдер сараптамалар жинақтайды, карточкалар мен жол жүру билеттерін таратады, үй-үйді аралайды", — деді Сағадиев ҚР БҒМ коллегиясының жалпы отырысында.

Оның сөзіне сүйенсек, ведомство бірінші кезекте статистикалық мәліметтер жинау үшін үй-үйді аралау міндеттемесінен құтылмақ.

"Осыған тыйым салмақпыз, әрі қарай механизмін ойластырып, басқа да органдармен бірлесе жоғарыда айтылған мақсаттар үшін мұғалімнің еңбегін пайдалануға тыйым салатын бұйрықтар шығаруды немесе үкімет қаулсын енгізуді қалаймыз. Бүгінде бұл мәселе талқылануда, іздеу қолға алынды. Әуелі жалпыға міндетті оқу бойынша үй-үйді аралауды доғарамыз", — деді Сағадиев. 

Жаңалықтар
0