Өңірлер

Қостанайда оқушының көзіндегі оқты дәрігерлер ала алмаған

© Photo : Из аккаунта Валентины в сецсетиВалентина
Валентина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көзінен оқ жарақатын алған 13 жасар қыз ес-түссіз жерде жатты, "жедел жәрдемді" жаяу жүргіншілер шақырған

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Көшеде кетіп бара жатып көзінен оқ жарақатын алған қостанайлық оқушы қыз болған жайтты әңгімелеп, сол кезде қандай күй кешкенін, одан кейінгі өмірі қалай өрбігенін айтып берді.

қаруланған ер адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда қыздың көзіне атқан видеоблогер ұсталды

Жазды күнгі кеш, қызға бейтаныс жігіт тақап келіп: "Қазір оқ жаудырсам да, түрмеге отырмаймын", — деп айғай салады да, қару кезеніп тұрып: "Бірінші кезек сенде", — депті. Сөйтіп, шүріппені басып қалады – оқ қыздың жанарына тиген. Беті қанға боялған оқушы ес-түссіз жерге құлайды, ал жігіт "жәдел жәрдем" шақырмастан қашып кетеді. Кейінірек бәрі белгілі болды: жәбірленуші – сол кезде 13 жастағы мектеп оқушысы Валентина, атқыш – Қостанайдағы танымал бейнеблогер Арзул Гаджиев деп жазады ресейлік БАҚ.

Болған жайтты дәрігерлерге жаяу жүргіншілер жеткізген. "Жедел жәрдем" бір сағаттан соң келеді.

Автомат - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қызылорда облысында жеткіншек әкесінің автоматымен өз-өзін атып алды

Сол бір қаралы күн туралы айтып отырып, оқушы қыз Гаджиевті танымайтынын, көшеде өтіп бара жатып еріккенен оқ атқанын еске алады. 

Валентина сол кезде қандай күйде болғанын жасырмай айтып берді.

"Оқ көзіме тиген кезде, қатты ауырғаны сонша, басым солқылдап қоя берді, — дейді қыз. – Қаншалықты ауырғанын түсіну үшін, инені бар күшіңізбен саусағыңызға сұғып көріңізші. Содан 1000 есе артық жаныма батты. Сосын қан саулап қоя береді. Не болып жатқанын санам әлі түсінер емес. Ауруға шыдай алмай, 3-4 минуттан соң есімнен танып қалдым, осылайша 10 минут бойы жаттым. Есімді жисам, жарақатым жанымды шырқыратып әкетіп барады, шарасыз күйге түстім. Тіпті айғайлауға да шамам жоқ, өз қаныма малынып, "жедел жәрдем" келгенін күтіп жата бердім".

Зардап шегуші облыстық офтальмологиялық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оқтың миға екі миллиметрдей жетпей тоқтағанын айтқан. Өкінішке орай, оқты алып шығу мүмкін болмады, өйткені металл көз алмасының нәзік ұлпасында тұрып қалыпты. Оқты алу үшін көзді кесуге тура келеді екен, ал бұл қыздың келбетіне мәңгілік нұсқан келтірері анық.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбелік полицейлер қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып тастады

Қостанайда біраз ем алған соң, анасы Валентинаны Мәскеуге алып барады, Ондағы дәріргерлер де оқты алуға батпай, көзді аман алып қалу үшін барлық ем-домды қолданды. Дегенмен, жанарының көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін емес, соның кесірінен Валентина спорттан қол үзуге мәжбүр. Ол болашығынан үміт күттіретін жас теннисші болып саналатын. 

Жігіт жеті айдан соң Челябинскіде ұсталды, туған-туыстары сол жаққа жіберіп үлгеріпті. Полицейлер ҚР ҚК 106 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта қолға алды. Қазіргі уақытта қаныпезерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда. 

Жаңалықтар
0