Оқиға

Қостанайда қыздың көзіне атқан видеоблогер ұсталды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуқаруланған ер адам
қаруланған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Челябіде қыздың көзіне атқан қостанайлық видеоблогер ұсталды

АСТАНА, 10 ақп – Sputnik. Қостанайда 14 жасар қыздың көзін жарақаттаған жас жігітті полиция ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Полицейлер жігітті жеті ай бойы іздеген. Sputnik Қазақстанға Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашаринаның хабарлауынша, оқиға өткен жылдың 5 шілдесінде орын алған. Он сегіз жасар жігіт қыздың тура бетіне атып, бірден жасырынған. Әзірге анықталмаған пневматикалық тапаншадан атылған оқ қыз баланың көзіне тиген. Оны қостанайлық офтальмологтар шығара алмаған. Қыз ұзақ уақыт бойы Мәскеуде емделген. Ол ұзақ уақыт бойы оңалтудан өтуге тиіс. Күдіктінің қостанайлық  видеоблогер болғаны, Youtube-та каналының болғаны белгілі. 

Полицейлер ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырды. Жас жігіт Челябіде 8 ақпанда ұсталды. Қостанай облысының полициясында бұл ақпаратты растады. Қазір оны қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде.  


Жаңалықтар
0