АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қызылорда облысында тоғыз жасар бала өз-өзін атып алды деп хабарлайды КТК арнасы.
Бастапқы берілген мәлімет бойынша, баланың әкесі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты №2019 әскери бөлімшеде қызмет етеді. Ол автоматын үйіне әкеліп қойған екен. Ата-анасының назарынан тыс қалған бала мылтықпен ойнап жүріп, абайсызда өз-өзін атып алады.
Әскери бөлімшеде қызметтік тергеу тағайындалды.