АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Ақтөбе облысында полицейлер өздеріне қарулы қарсылық көрсеткен ер адамды атып тастады деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері 1983 жылы туылған ер адам қарулы шабуыл жасап, оқ ататын қаруды заңсыз сақтап жүр деген жедел ақпарат алады.
Ақтөбе-Богославка тас жолында 12 қаңтар күні полицейлер "Лада-Приора" көлігін тоқтатады, оның рөлінде жоғарыда көрсетілген ер адам болған. Көліктен шыққан азамат оқ ататын қаруды полиция қызметкерлерге кезеніпті. Ер адам полицейлерге бағынбай, оқ атуға оқталған, сол себепті полиция қызметкерлері оған қарсы табелдік қару қолдануға мәжбүр болған.
Нәтижесінде ер адам денесінің төмен бөлігінен оқ жарақатын алады. Оқиға орнына тезарада жедел жәрдем шақырылып, жан сақтау шаралары жүргізілген. Алайда ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмады.
Күдіктінің бұдан бұрын қарақшылық шабуыл жасап, бір топ тұлғалар құрамында автокөлікті күшпен тартып алу қылмысы үшін сотталған екен.