АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Ақтөбедегі жатақханаға он бір айлық қызды тастап кеткен деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Баланың жылаған даусын жатақхана тұрғындары естіп, полицейлерді шақырды. Сәбиді балалар ауруханасына жеткізіп, дәрігерлер қыздың дені сау екендігін анықтады. Жуық арада балалар үйіне тапсырылады.
Көп ұзамай полиция сәбидің анасын тапты, ол 41 жастағы Ақтөбе облысының тұрғыны екен. Баланы сол жатақханада тұратын туыстарына тастап кеткен болса керек. Өзі ішімдікке салынған. Әйелді ата-ана құқығынан айырмақшы.