Оқиға

Ақтөбеде үш баланың анасы отбасын тастап Сирияға кеткен

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСириялық Алеппо қаласы
Сириялық Алеппо қаласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел 2013 жылы Сирияға кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. Қазір күйеуі сот арқылы әйелін хабар ошарсыз кетті деп тануға қол жеткізбек.

АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Ақтөбе қаласының тұрғыны үш жыл бұрын еліне кәмелет жасқа толмаған үш баласы мен отбасын қалдырып, Сирияға кетіп қалған. Оның күйеуі әйелін хабар ошарсыз кетті деп тану үшін сотқа жүгінген. 

Әйел 2013 жылғы наурызда Ақтөбеде күйеуі мен 2004, 2008 және 2012 жылы туылған балаларын тастап Алматыға, ол жақтан Қырғызстанға, ал Қырғызстаннан Сирияға кетіп қалған.

Ер адамның айтуынша, кейінірек әйелі оған хабарласып, өзінің Сирияда екенін  жеткізген. Сол қоңыраудан соң әйелінен ешқандай хабар жоқ.

Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне сәйкес, терроризм мен экстремизді насихаттап, террористік топқа қатысы болғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ол әйелге халықаралық іздеу салынды.

Нәтижесінде соттың әйелді жоғалып кетті деп тануына ешқандай негіз болмады. 


Жаңалықтар
0