Қоғам

Азаматтарға арналған үкіметке біраз өзгерістер енгізілмек

© Sputnik / Болат ШайхиновҚұжаттар
Құжаттар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басшысы алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізіп, мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды форматқа өткізуді көздейді

АСТАНА, 22 ақпан — Sputnik. Қаңтар соңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшылығына Абылайхан Оспанов келді, себебі бұрынғы басшы Данияр Ереншінов өз еркімен қызметтен кеткен еді. Ол кезде көші-қон заңнамасына енгізілген түзетулер мен уақытша тіркеуді енгізуге байланысты туындаған қиындықтардың салдарынан мемлекеттік корпорацияға халықтың ашу-ызасы кернеп тұрған болатын.

Абылайхан Оспанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Абылайхан Оспанов "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы болып тағайындалды

Қазірде жас басшының мойнына артылған жүк аз емес, ол мемлекеттік корпорацияның абыройын қайта көтеріп, ең үздік қызмет көрсетулер ұсынатын мықты мекемеге айналдыруы тиіс.

- Әлеуметтік желідегі алғашқы мәлімлемеңізде "мемлекеттік қызмет көрсетулерге заманауи серпін беремін" деп жазыпсыз. Мұның мәні неде?

— Заманауи серпін дегеніміз азаматтарға қолайлы ғаламтор немесе телефон сияқты каналдарды пайдалану. Мемлекеттік корпорацияның мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру, барынша электронды форматқа көшіру.

Біз үнемі мемлекеттік қызметтер реестріне сараптама жүргізіп отырамыз. Автоматтандыруға болатын тұстары кездессе, құзіретті мемлекеттік органға тиісті ұсыныстарымызды жеткіземіз. Қазірде мемлекеттік корпорация ұсынатын 546 қызмет көрсетудің 400-ін онлайн түрінде алуға болады.

- Қандай жаңа жобалар дайындалып жатыр?

— Қазір мобильдік Telegram-бот сынақтан өткізіліп жатыр, сонымен бірге жақын арада құжаттарды Қазпошта арқылы алу мүмкіндігін іске қосамыз, құжаттардың дайын екендігін хабарлайтын смс-ескертулер де жұмыс істейтін болады. Тағы басқа жобалар жайында жуырда айтып беремін.

- Қазір ХҚКО-дағы ахуал қандай? Электронды тіркеу азаматтардың легін тоқтатуға септігін тигізді ме? 

ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жылжымайтын мүлікпен операциялар қызметтері ХҚКО мен eGov.kz қайта қол жетімді болды

— Сандық көрсеткіштер бойынша жағдай былай: жыл басынан бастап 15 ақпанға дейін 880 мың адам тіркелді, олардың ішінде 480 мыңнан астамы уақытша тіркеу алды.

Әлбетте, электронды үкімет порталындағы онлайн-тіркелу қызметі азаматтардың легін тоқтатуға көмектесті.

Айта кететін бір жайт, ХҚКО-на бару керек болса, ондағы халықтың аз-көптігін Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік корпорацияның ресми сайтынан қарай аласыздар, адам саны жөніндегі ақпарат сағат сайын жаңарып отырады. Бұл да өте ыңғайлы.

- Қол астындағы қызметкерлеріңізді қандай жаңалықтар күтіп тұр? ХҚКО санын көбейту жоспарда бар ма?

ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана және Алматы ХҚКО-лардың жүктемелігін онлайн тәртібінде бақылауға болады

— Біздің кадрлік саясатымыз ең басты мақсат – сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асыруға негізделеді. Мемлекеттік корпорация құрылған кезде персонал төрт республикалық мемлекеттік мекеме негізінде жасақталды, осы мекемелер негізінде бірыңғай құрылым "Азаматтарға арналған үкімет" құрылған. Қазіргі уақытта кадр жетіспеушілігі жоқ. Корпорацияда 21 мыңнан астам адам ел игілігі үшін еңбек етуде.

ХҚКО-ның санын көбейту жайында айтар болсам, келешекте 20 жаңа орталық ашуды көздеп отырмыз.  

Жаңалықтар
0