Саясат

Абылайхан Оспанов "Азаматтарға арналған үкімет" басшысы болып тағайындалды

© Photo : "Правительство для граждан"Абылайхан Оспанов
Абылайхан Оспанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жасыл елші", полиция лейтенанты, е-үкімет жасаушысы: 30 жастағы Абылайхан Оспанов ХҚКО-на жетекшілік ететін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басшылығына келді

АСТАНА, 26 қаң — Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарамасының төрағасы болып Абылайхан Оспанов тағайындалды деп хабарлайды ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

ХҚКО-лардағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ХҚКО-ларға жетекшілік ететін мемлекеттік компанияның басшысы қызметтен кетті

Бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын Данияр Ереншінов басқарған болатын, ол уақытша тіркеу туралы шара тудырған дүрбелең аясында өз еркімен қызметін босатты. 

Абылайхан Есенұлы Оспанов 1986 жылы 16 маусымда дүниеге келген. Еңбек жолын "Жасыл ел" жастар еңбек отрядында бастаған, кейін жеке компанияларда қызмет етіп, жоба менеджерінен жобаларды басқару бөлімінің басшылығына дейін көтеріледі. 

2011 жылы ҚР ішкі істер министрлігінде мемлекеттік қызметке ауысады. 2014 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен электронды қызмет көрсетулерді дамыту жөніндегі департаменттің директоры болып тағайындалған. 

2015 жылы "Нұр Отан" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2016 жылы сәуір айынан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін "Алматы қаласының даму орталығы" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 

Жаңалықтар
0