АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов өз өтініші бойынша қызметінен босатылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік корпорация кеңесі сәрсенбі, 18 қаңтарда Ерденчиновтың қызметтен кету туралы өтінішін қабылдады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қарауына Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі кіреді.
2017 жылдың басынан бастап уақытша міндетті тіркеуді енгізуге байланысты ХҚКО-ларда ұзын сонар кезектер мен дүрлікпелер пайда болды. Соңғы аптада ХҚКО-ларды кенеттен екі адам көз жұмды.
Министрлер кабинетінің өткен отырысында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев электрондық үкімет сайты арқылы онлайн тәртібінде уақытша тіркеу қызметін алу мүмкіндігінің қарастырылмауын байланысты мемлекеттік корпорацияны сынға алған.