Қоғам

Астана және Алматы ХҚКО-лардың жүктемелігін онлайн тәртібінде бақылауға болады

© Sputnik / Болат ШайхиновХҚКО
ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнайы қызметтің көмегімен қаладағы қай ХҚКО-да келушілердің көптігін көруге болады

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Астана мен Алматыдағы ХҚКО-лардың жүктемелерін енді онлайн тәртібінде көруге болады. Реттеу залы, құжаттандыру және банк кассалары қызметтерінің жүктеме деңгейін көрсететін диаграммаға сілтеме мемлекеттік корпорацияның goscorp.kz ресми сайтының басты бетінде орналастырылған, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінде.

Интернет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда онлайнда уақытша тіркелу қолжетімді болды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ мемлекеттік қызмет көрсетулер методологиясы және мониторингі департаментінің директоры Гүлжан Асанованың сөзіне сүйенсек, бұл сервис азаматтарға қолайлы болу үшін жасап шығарылған және оларға ХҚКО-на баруын жоспарлауға мүмкіндік береді.

"Осы диаграмма бойынша адам шаруасын тезірек бітіру үшін қай ХҚКО-на барғаны жөн екенін бағамдай алады. Яғни, егер көші-қон бойынша қызмет көрсету қажеті жоқ болса, уақытша тіркелуге азаматтар көп жиналған ХҚКО-на келмей-ақ қоюға болады, оның орнына келушілер саны аз жерге барғаны дұрыс", — дейді ол.

Әзірше ХҚКО-дағы ахуалды Астана және Алматы қалалары бойынша ғана қадағалауға болады. Ақпарат сағат сайын жаңарып отырады. 

Жаңалықтар
0