АСТАНА, 15 ақп — Sputnik. ҚР Әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" деректер базасының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасының жұмысын қалпына келтіру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Енді қазақстандықтар ХҚКО-ларда мемлекеттік қызметтің барлық түрін қайта ала алады", — делінген ресми хабарламада.
Желідегі ақау салдарынан жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтерге қолжетімсіз болды. Бұдан басқа, тіркелгісі келгендер мекенжайдың тіркеу кодын тексеру мүмкіндігін пайдалана алмады, бұл тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуді қиындатты.