Саясат

Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер: жүз пайыз дайындық

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордамыз Сириядағы ахуалды бейбіт түрде реттеу бойынша келіссөздер өткізуге дайын

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Сириялық дағдарысты реттеу бойынша келіссөздер дүйсенбі күні Астана қаласында басталады, ауа райы да қолайлы – аздаған аяз, ұлпа қар, тіпті бұлт арасынан күн сәулесі де жылтыңдап көрінеді. Елордалықтар мұны жақсы ырымға балап отыр.

Такси шопырымен саясат және хаттама туралы сөйлесу

Байқаған болсаңыз, такси шопырлары экономика мен саясат туралы жақсы біледі. Астаналық жүргізушілер болса саяси хаттамалардың да қыр-сырын меңгерген. Жексенбі күні межелеген жеріме жеткізіп салған такси шопыры сондай "білгірлердің" бірі болып шықты. 

Сирия туы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан СІМ: Астанаға дивидендтер емес, Сириядағы бейбітшілік керек

"Қараңыз, дүйсенбі күні Сирия бойынша келіссөздер басталады, қалада ешқандай күшейту жоқ. Таңертең әуежайда болдым, онда да тып-тыныш, әдеттегідей. Тіпті жол қозғалысын реттеушілер де көрінбейді", — дейді жүргізуші ойымен бөлісіп. "Неге десеңіз, бұл келіссөздерге ірі тұлғалар қатыспайды. Ол да жақсы, демек бір мәмлеге келетін болар", — деп жалғастырды ол. 

Делегация мүшелері орналасқан елордалық қонақ үйлер де қауіпсіздікті бақылаудың "сұмдық" әдістерін пайдаланып жатқан жоқ. Келіссөздер өтетін "Rixos President Astana" қонақ үйінің кіре берісінде тұрған секъюрити келушілердің сөмкесі мен қалтасын ғана тексеруде. Басқадай шектеулер байқалмайды. 

Батыл, бірақ қиын

Жексенбі күні Астанада Ресей, Иран және Түркия елдерінің ұзақ сағатқа созылған консультациялары өтті.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
СІМ Астанадағы сириялық келіссөздердің кестесі туралы хабарлады

РФ-ның Қазақстандағы кеңесші елшісі Александр Мусиленко тараптар арасындағы консультацияның "қиын" өтіп жатқандығын мойындаған еді. Оның сөзіне жүгінсек, РФ өкілдерінің ұстанымы берік, олар келісімге қол жеткізу үшін барын салуға дайын.

Қазақстан СІМ мәліметінше, Сирия үкіметі мен оппозиция делегацияларының басшылары Астанада өтетін келіссөздер туралы жағымды пікірлер айтқан екен.

Баспасөз орталығы: Wi-Fi, намаз және балаклава

Дүйсенбі күні сағат 9-да аккредитациядан өткен тілшілерді арнайы жабдықталған баспасөз орталығына кіргізе бастады. Кіреберісте қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерінде "баспасөз орталығына кіру" деп жазылған тақтайша ілінген. Кездесуге қатысу үшін 25 елден келген 386 тілші және 111 Қазақстан БАҚ өкілдері аккредитациядан өтті. Олардың арасында мұсылмандар көп болғандықтан, баспасөз орталығында намаз оқу үшін арнайы орын бөлінген. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер: суық полюсіндегі даналы орын

Барлық тілшілерге бейдждермен бірге жарты литр су берілді. Баспасөз орталығы ноутбук, принтерлермен жабдықталған, Wi-Fi жұмыс істеп тұр, үлкен экрандар орнатылыпты. 

Баспасөз орталығы ұйымдастырылған ғимарат маңында бір өрт сөндіруші көлігі кезекшілікте тұр, жақын жерде полиция көлігі де көрінеді. Келіссөздердің жабық түрде өткізілетіні белгілі. Сейсенбі күні баспасөз мәслихатында ғана қол жеткізілген келісімдер туралы сөз қозғалатын болады. 

Жаңалықтар
0