Саясат

Астанадағы Сирия бойынша келіссөздер: суық полюсіндегі даналы орын

© Sputnik / Болат ШайхиновАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы уақытта өтетін сириялық реттеу бойынша келіссөздерге Астана қалай дайындалып жатыр

АСТАНА, 20 қаң – Sputnik. Астанада өтетін сириялық реттеу бойынша келіссөздер келіссөз процессі басталмай жатып көптеген дау-дамай туғызды. Келіссөздерге кімнің келетіні де, қай жерде өтетіні де, не туралы келісетіні де, ең бастысы – қол жеткізілген келіссөздердің көп қайғы-қасірет шеккен Сирияға қалай әсер ететіні – бәрі құпия болды. 

Астана – даналы орын 

Ал нақты ақпараттың болмауы әрдайым көптеген қауесеттер туғызады. Біраз сарапшылар бұл қауесеттерді талқылап, өз болжамдарын жасады. Бұл ретте келіссөздер жүргізу фактісіне де, оны Қазақстаның елордасында өткізу қажеттілігі не де күмән келтірілді. Неліктен Женевада өтпейді деген пікірлер де болды. Бірақ ресейлік саясаттанушы Евгений Сатановскийдің пікірінше сириялық мәселе бойынша келіссөздерге арналған алаң өте сәтті таңдалған, даналы деуге де болады екен. 

"Астана өте қызықты қала, ал Қазақстан – қызықты президенті бар ел. Назарбаев Ресеймен, Қытаймен, америкалықтар және еуропалықтармен, ирандықтарымен де, арабтармен де  - барлығымен жақсы қарым-қатынас жасай алады. Мен посткеңестік кеңістікте басқа ондай көшбасшыны білмеймін", — деп түсіндірді шығыстанушы, "Таяу Шығыс институты" орталығының президенті Евгений Сатановский. 

Сирия - Sputnik Қазақстан
Саясат
Хайдар: Астанадағы келіссөздер ауаны "жағымды емес"

Сарапшының пікірінше, жаңа алаң женевалық келіссөздерді жалғастыра алады.

Астананың сирияаралық келіссөздер өткізуге дайын екендігі туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Астана осы кездесудің форматын, өткізу орнын белгілеп, ұйымдастырушылық, хаттамалық, логистикалық және өзге де мәселелерді шешу үшін келіссөздер бастамашыларынан қатысушылар туралы нақты ақпарат күткен. Бұл ақпарат енді, келіссөздер процесі басталуға үш-төрт күн қалғанда белгілі болған көрінеді. 

Әлемнің ең суық елордасы 

"Азиялық Женева" бітімгерлік мәртебесін енді өзіне шақтап жатқан Астананың, әлемнің ең суық елордасы – деген атаққа ие болғанына біраз болды. Дәлірек айтсақ, "құрметті" атақты қазақстандық елорда Ұлан-Батормен бөліседі. Ол жерде де ауа температурасы қыста 40 градустан төмендеп, желі адамды құлатады. 

Бұл шарттарда жылу сүйгіш сириялықтарға бір бірімен тез келісіп алуға немесе ұзақ және тайсалмай тоңуға болады. Әйтседе, бұл жолы Астана өзінің "қар патшайымы" мәртебесін ақтай алмады. Синоптиктер келіссөздер басталуға тиіс дүйсенбі, 23 қаңтар күні бар болғаны ауа температурасы минус 5 градусқа дейін төмендеп, аздап қар жауад деп болжайды. 

Егер келіссөздер процессі созылып кетсе, онда келіссөздерге қатысушылар нағыз сібір қысының қадай болатынын сезіне алады. Ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Боран соғуы да мүмкін. 

Сириядағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Әлем
Чуркин Астанадағы кездесу туралы: атысты тоқтату тәртібі талқыланады

Болжауға келмейтін Астананың ауа райын ескерген келіссөз ұйымдастырушылары ресми делегациялар мен тіркелген журналистердің қала бойынша қозғалысын барынша азайтуға тырысқан. Келіссөздердің өзі "Риксос" қонақ үйінде өтуі мүмкін. Делегацияның басым көпшілігі де сонда тоқтауы ықтимал. Журналистер үшін баспасөз орталығында трансляция ұйымдастырылады. Ол Қазмедиаорталығының ғимаратында орналасады. Кездесу өткізу кезінде басқа қаладан келген және шетелдік журналистер үшін "Думан" қонақ үй (баспасөз өкілдері тоқтайды) – баспасөз орталығы" бағыты бойынша көлік қатынасы ұйымдастырылады. Қорытынды баспасөз конференциясы өткен жағдайда, оны да баспасөз орталығында өткізу жоспарланып отыр. Бастысы, келіссөз тараптарының баспасөзге және бүкіл әлемге айтатын нәрселері болса әрине. 


Жаңалықтар
0