Әлем

Чуркин Астанадағы кездесу туралы: атысты тоқтату тәртібі талқыланады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСириядағы жағдай
Сириядағы жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанадағы сириялық келіссөздердегі пікірталастар өзегі атысты тоқтату тәртібі болмақ

АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. 23 қаңтарда Астанада өтетін сириялық реттеу жөніндегі кездесуге әзірлік жалғасып жатыр, оған қатысушылар гуманитарлық және саяси мәселелерді талқылайды, деп хабарлады РФ-ның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин. 

Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әдірахманов Сирия бойынша кездесу туралы: Қазақстан толықтай дайын

"Қазіргі уақытта ұйымдастыру мәселелері пысықталып жатыр. Халықаралық және өңірлік әріптестер осы күш салуларды қолдайды, деп үміттенеміз. Жаңа мүмкіндіктер ашылуда, қалай болғанда да оларды пайдалану қажет", — деп келтіреді РИА Новости Чуркиннің Таяу Шығыс жанындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жасаған мәлімдемесін. 

"Жер бетіндегі жағдайға әсерін тигізетін күштердің тартылуы атысты тоқтату тәртібін нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауды күттіреді. Бұл тақырып пікірталастың өзегіне айналмақ. Бұл ретте, сенімділікті нығайту шаралары, гуманитарлық қол жетімділікті жақсарту және саяси күн тәртібінің элементтері секілді өзге де маңызды аспектілер қатары талқылануы ықтимал", — деді Чуркин. 

РИА Новости агенттігіне сейсенбі күні БҰҰ бас хатшысы ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак хабарлағандай, БҰҰ Сирия бойынша Астанада өтетін келіссөздерге шақыру алған. Кездесуге Арнайы өкіл орынбасары Стаффан де Мистуры Рамзи қатысады.  


Жаңалықтар
0