Саясат

Әдірахманов Сирия бойынша кездесу туралы: Қазақстан толықтай дайын

© Sputnik / Болат ШайхиновБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астанада өткелі отырған кездесу Женева келіссөзіне дайындықтың маңызды баспалдағы болмақ

АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Қазақстан Сирия бойынша Астанада өтетін кездесуге толығымен дайын, келіссөз 23 қаңтарға жоспарланып отыр деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

"Әзірше жоспарланып отырған кездесудің жұмыс күнін 23 қаңтар деп белгілеуді жөн көремін. Бастамашылар қатысушылар тізімі мен форматты белгілеген кезде барлығы айқындалады. Қазақстан бұл кездесуге толықтай дайын", — деді Әбдірахманов тілшілерге сейсенбі күні.

Қайрат Әбдірахманов - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР СІМ: Сирия бойынша келіссөзге қатысушылар тізімі әлі анықталған жоқ

"Астанада өткелі отырған кездесу Женева келіссөздеріне дайындықтың маңызды баспалдағы іспетті. Ол келіссөз 8 ақпанға жоспарланып отыр. Астанада өтетін кездеу женевалық алаңды ешқашан алмастыра алмайды", — деді ол. 

Әбдірахманов Мәскеуге іссапары туралы да айтып өтті.

"Мәскеуге сапар менің алғашқы ресми іссапарларымның бірі болмақ. Мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Лавров Сергей Викторович мырзаның шақыруымен бара жатырмын", — деп қорытты министр. 

Жаңалықтар
0