АСТАНА, 17 қаң – Sputnik. Сирия бойынша Астанадағы келіссөзге қатысушылардың құрамы әлі анықталған жоқ деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сейсенбі күні тілшілерге.
Астанадағы кездесу 23 қаңтарда өтеді деп жоспарланған, ал Женевада – 8 ақпанда Сирия бойынша БҰҰ-ның арнайы уәкілі Стаффан де Мистура басшылығымен.
"Қатысушылар құрамы белгілі болған соң, барлық ұйымдастыру мәселелері айқындалады", — деді Әбдірахманов үкімет отырысынан соң тілшілерге.
Оның сөзіне сүйенсек, Қазақстан айтылған үндеуге сәйкес, келіссөз алаңын ғана ұсынады.