АСТАНА, 18 қаң – Sputnik. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша Астанада өтетін келіссөздердің төңірегіндегі атмосфера "жағымды емес" деп мәлімдеді Сирияның татуласу мәселесі бойынша министрі Али Хайдар Tasnim агенттігіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Сирия үкіметі Астанадағы кездесуге қатысуға келісім берді, сондай-ақ, Женева мен Мәскеудегі келіссөздерге қатысуға шешім қабылдаған. Бірақ қатысуының себебі мұндай келіссөздердің дағдарысты реттейтініне сенетіндігі емес, Дамаск диалогқа қарсы деген түсінікті жоққа шығару болып табылады.
"Себебі Астанадағы келіссөздің төңірегіндегі атмосфера жағымды емес. Қазақстан астанасындағы кездесуден қандай да бір нәтиже күтіп отырған жоқпыз. Себебі аймақтық және халықаралық талаптар шынайы емес секілді", — деді Хайдар келіссөздерде Түркияның өз мақсатын алға тартуға талпынысын меңзеп.