АСТАНА, 22 қаң — Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі алда болатын сириялық келіссөздердің кестесі туралы ақпарат жариялады.
Жексенбі күні жарияланған материалдар бойынша келіссөздер 23 қаңтар күні Астана уақытымен 13.00-де басталады. Келіссөздер, болжам бойынша, 24 қаңтар күні 13.00-де бітуі тиіс.
Сонымен қатар, 24 қаңтар 14.00-де басталуы мүмкін қорытынды конференция өткізу де жоспарланып отыр.
Қазақстан СІМ айтуынша, келіссөздер "Rixos President Astana" қонақ үйінде жабық түрде өтеді.