Саясат

Қазақстан СІМ: Астанаға дивидендтер емес, Сириядағы бейбітшілік керек

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСирия туы
Сирия туы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР СІМ өкілі Қазақстанның конструктивті диалог үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға барын сала кіріскендігі туралы айтты

АСТАНА, 23 қаң — Sputnik. Қазақстан дивидендтерді көздеп келіссөздерге алаңқай ұсынып отырған жоқ, Сириядағы соғысты тоқтату үшін қосымша үлес қосқысы келеді деді ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
СІМ Астанадағы сириялық келіссөздердің кестесі туралы хабарлады

"Біз дивидендтерді көздеп отырған жоқпыз. Қазақстан президентінің РФ және Түркия президенттерінің келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын белсенді түрде қабылдауына басты себеп Сирияны алты жыл бойы ойрандап келе жатқан қантөгісті тоқтатуға қосымша үлесімізді қосу. Әрине, сонымен бірге, бұл біздің статусымызды нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Бірақ бұл біз үшін басты мәселе емес", — деді Василенко Сирия бойынша келіссөздердің ресми басталуына дейін өткізілген баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кездесу жоспарланған уақытында басталады және қорытындысы жағымды болатынынан үміт күттіреді. Қазақстан қабылдаушы тарап ретінде барынша нәтижелі жұмыс жасауға ат салысатын болады.

"Қазір мәселе талқылануда: кім қайда отырады, кімге қарама-қарсы отырады. Бұл келіссөз басталар кезде белгілі болады деп ойлаймын. Біз барынша конструктивті диалог орнауы үшін өз тарапымыздан бар мүмкіндік жасаймыз", — деп атап өтті Роман Василенко. 

Жаңалықтар
0