Қоғам

2023 жылға дейін мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өседі

© Photo : ПС акимата Нур-СултанаВрачи в Нур-Султане провели уникальную операцию "хрустальным детям"
Врачи в Нур-Султане провели уникальную операцию хрустальным детям - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Қазақстанда мұғалім, дәрігер мен орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы 2023 жылға дейін жыл сайын өседі

АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Үкімет мұғалімдер мен дәрігерлер еңбекақысын көтеру жоспары туралы айтты.

Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 1,2 миллион азаматтық қызметші бар. 2023 жылға дейін еңбекақыны жыл сайын арттыру жоспарланып отыр, бұл 651 мың мұғалім, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлердің жеке санаттарын қамтиды.

Мұғалімдер еңбекақысы жыл сайын 25%-ке өседі, 2023 жылға қарай екі есе өсіп, 375 мыңға дейін жетеді.

Дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ке дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе өсіп, 561 мың теңгеге дейін жетеді.

Орта медицина қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 20%-ке дейін өседі. Осылайша 2023 жылға қарай жалақы екі есе өсіп, 229 мың теңгеге дейін жетеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0