Себебі олар ғаламшардың ең құнды ресурсы – адам өмірін сақтауда аса маңызды рөл атқарады.
Өткен жылы бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы дәрігерлердің, медицина мамандарының қандай ауыр қызмет атқарып жүргенін еш боямасыз көрсетті. Адам баласының болашағы таразы басында тұрған шақта олар қара басының қамын күйттемей, белгісіз вирусқа төтеп беруден аянып қалған жоқ.
Бүгінде күн сайын әлем бойынша қанша адам коронавирус жұқтырғаны, қаншасы жазылып немесе дерттен көз жұмғаны туралы жиынтық ақпарат жасау қалыпты жағдайға айналды. Бұл сандардың артында медицина мамандарының қанша еңбегі, күресі мен ерлігі жатыр.
Коронавирусты адам баласы әлі толық жеңе қоймаған шақта әлемнің түрлі елінен жаңа штаммдар пайда болып жатыр. Қоғамды үрей билесе де, медицина қызметкерлері болашаққа оптимизммен қарап, науқастарды емдеуден шаршамай келеді. Шаршаса да, байқатпайды.
Бұл расында да бас иіп, құрмет көрсетуге тұрарлық мамандық иелері. Олар өмір мен өлімнің түрлі бейнесін күн сайын көріп, сонда да мұқалмай келе жатқан қайсар жандар. Адам өмірі үшін араша түскен дәрігерлердің ерен еңбегі жайлы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.