Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ажалмен арпалысып, адам өміріне араша түсетіндер: дәрігерлердің күнделікті еңбегі – фото

Жазылу
Дәрігер мамандығы сонау көне Мысыр мен көне Қытайда, Грекияда пайда болған байырғы кәсіптің бірі. Сол шақтан бері дәрігер мамандығының маңызы артпаса, кеми қойған жоқ. Олай болуы мүмкін де емес

Себебі олар ғаламшардың ең құнды ресурсы – адам өмірін сақтауда аса маңызды рөл атқарады.

Өткен жылы бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы дәрігерлердің, медицина мамандарының қандай ауыр қызмет атқарып жүргенін еш боямасыз көрсетті. Адам баласының болашағы таразы басында тұрған шақта олар қара басының қамын күйттемей, белгісіз вирусқа төтеп беруден аянып қалған жоқ.

Бүгінде күн сайын әлем бойынша қанша адам коронавирус жұқтырғаны, қаншасы жазылып немесе дерттен көз жұмғаны туралы жиынтық ақпарат жасау қалыпты жағдайға айналды. Бұл сандардың артында медицина мамандарының қанша еңбегі, күресі мен ерлігі жатыр.

Коронавирусты адам баласы әлі толық жеңе қоймаған шақта әлемнің түрлі елінен жаңа штаммдар пайда болып жатыр. Қоғамды үрей билесе де, медицина қызметкерлері болашаққа оптимизммен қарап, науқастарды емдеуден шаршамай келеді. Шаршаса да, байқатпайды.

Бұл расында да бас иіп, құрмет көрсетуге тұрарлық мамандық иелері. Олар өмір мен өлімнің түрлі бейнесін күн сайын көріп, сонда да мұқалмай келе жатқан қайсар жандар. Адам өмірі үшін араша түскен дәрігерлердің ерен еңбегі жайлы суреттер топтамасынан тамашалаңыз.

© Sputnik / Тимур БатыршинОлар күн сайын адам өміріне араша түседі. Өмірді сақтау үшін қас қағым сәт қана болатынын дәрігерлерден артық түсінетін ешкім жоқ шығар, сірә
Сотрудник инфекционного госпиталя с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
1/16
Олар күн сайын адам өміріне араша түседі. Өмірді сақтау үшін қас қағым сәт қана болатынын дәрігерлерден артық түсінетін ешкім жоқ шығар, сірә
© Sputnik / Тимур БатыршинТаңдаған мамандық күн сайын, сәт сайын ерлікті талап етеді. Бұл еңбек көп адамның көзіне түсе бермесе де, адамдарды қалай құтқарып жатқаны өздеріне жақсы мәлім
Медик следит за монитором температуры в передвижном пункте вакцинации от коронавируса - Sputnik Қазақстан
2/16
Таңдаған мамандық күн сайын, сәт сайын ерлікті талап етеді. Бұл еңбек көп адамның көзіне түсе бермесе де, адамдарды қалай құтқарып жатқаны өздеріне жақсы мәлім
© Sputnik / Тимур БатыршинДәрігерлер науқастың шындықты жасырып тұрған кезін жақсы түсінеді. Алайда бұл әрекеті үшін сөкпейді. Керісінше, ауруды жеңуге көмектеседі. Олар адамдардың кейде аса ауыр жағдайға әкеп соғатын байғамдығына таңғалудан жалықпайды. Бірақ тиісті көмек көрсетуден ешқашан бас тартқан емес
Медик в защитном костюме идет по коридору больницы  - Sputnik Қазақстан
3/16
Дәрігерлер науқастың шындықты жасырып тұрған кезін жақсы түсінеді. Алайда бұл әрекеті үшін сөкпейді. Керісінше, ауруды жеңуге көмектеседі. Олар адамдардың кейде аса ауыр жағдайға әкеп соғатын байғамдығына таңғалудан жалықпайды. Бірақ тиісті көмек көрсетуден ешқашан бас тартқан емес
© Sputnik / Тимур БатыршинОлардың әр күні күресумен өтеді. Бұл қаншалықты үрейлі болса да, дәрігерлер күн сайын ақ халатын киіп, адам өмірі үшін сақтауға сақадай сай тұрады
Врач с пациентом в палате реанимации в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
4/16
Олардың әр күні күресумен өтеді. Бұл қаншалықты үрейлі болса да, дәрігерлер күн сайын ақ халатын киіп, адам өмірі үшін сақтауға сақадай сай тұрады
© Sputnik / Тимур БатыршинӘрбір секундтың құнды екенін олардан артық ешкім сезініп көрмеген болар. Адамның өмірі қыл үстінде тұрғанда олар өз басындағы барлық қиындықты, сәтсіз күнді, ауыртпалықты ұмытады
Медики в защитных костюмах выезжают на вызов на машине скорой помощи - Sputnik Қазақстан
5/16
Әрбір секундтың құнды екенін олардан артық ешкім сезініп көрмеген болар. Адамның өмірі қыл үстінде тұрғанда олар өз басындағы барлық қиындықты, сәтсіз күнді, ауыртпалықты ұмытады
© Sputnik / Владислав ВодневСоңғы жылдары дәрігерлерге арнап көп мурал салынды. Бұл қазіргі заманның батырларына алғыс білдірудің үлгісі
Как рисовали мурал, посвященный врачам, в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
6/16
Соңғы жылдары дәрігерлерге арнап көп мурал салынды. Бұл қазіргі заманның батырларына алғыс білдірудің үлгісі
© Sputnik / Тимур БатыршинАдам өмірі үшін күресуде оларға қолайсыз ауа райы да, алыс қашықтық та кедергі бола алмайды
Медик в защитном костюме идет навестить пациента с коронавирусом на дому - Sputnik Қазақстан
7/16
Адам өмірі үшін күресуде оларға қолайсыз ауа райы да, алыс қашықтық та кедергі бола алмайды
© Sputnik / Тимур БатыршинОлардың әрбір күні үлкен жауапкершілікке толы
Хирурги за работой - Sputnik Қазақстан
8/16
Олардың әрбір күні үлкен жауапкершілікке толы
© Sputnik / Тимур БатыршинАдамдарды денсаулығының қалыпқа келетініне сендіру - осы мамандықтағы ең қуанышты сәттің бірі
Медик делает прививку от коронавируса  - Sputnik Қазақстан
9/16
Адамдарды денсаулығының қалыпқа келетініне сендіру - осы мамандықтағы ең қуанышты сәттің бірі
© Sputnik / Тимур БатыршинӨткен күн қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, олар әр таң сайын өздерінің кәсіби міндетін атқаруға кіріседі
Медик надевает защитный костюм перед началом смены в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
10/16
Өткен күн қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, олар әр таң сайын өздерінің кәсіби міндетін атқаруға кіріседі
© Sputnik / Тимур БатыршинЖедел жәрдем жүргізушісі аздаған үзіліс кезінде қағазға жазу жазып отыр. Бәлкім бұл конспект болар, бәлкім болашақ романның сюжеті...
Водитель скорой помощи делает записи в перерывах между выездами - Sputnik Қазақстан
11/16
Жедел жәрдем жүргізушісі аздаған үзіліс кезінде қағазға жазу жазып отыр. Бәлкім бұл конспект болар, бәлкім болашақ романның сюжеті...
© Sputnik / Тимур БатыршинОларды өзінің де, өзгенің де қанынан қорықпауға үйретеді. Себебі кейде адамды аман алып қалу үшін түрлі амалға баруға тура келеді
Медик работает с аппаратурой по переливанию крови  - Sputnik Қазақстан
12/16
Оларды өзінің де, өзгенің де қанынан қорықпауға үйретеді. Себебі кейде адамды аман алып қалу үшін түрлі амалға баруға тура келеді
© Sputnik / Тимур БатыршинБұл өмірге шын ғашық қайсар мінезді, таусылмас төзімі бар ғажап жандар
Медики в защитных костюмах идут на вызов  - Sputnik Қазақстан
13/16
Бұл өмірге шын ғашық қайсар мінезді, таусылмас төзімі бар ғажап жандар
© Sputnik / Тимур БатыршинБүкіл әлемнің саулығы мен болашағы осы маман иелерінің қолында тұр десек те артық айтпаған болармыз
Граффити изображает медика, полицейского и военного, которые вместе держат в руках земной шар - Sputnik Қазақстан
14/16
Бүкіл әлемнің саулығы мен болашағы осы маман иелерінің қолында тұр десек те артық айтпаған болармыз
© Sputnik / Тимур БатыршинМұны өздері де жақсы біледі. Сондықтан, мейлінше, көп адамды аман алып қалу үшін күн сайын тынымсыз қызмет етуде
Хирург за работой  - Sputnik Қазақстан
15/16
Мұны өздері де жақсы біледі. Сондықтан, мейлінше, көп адамды аман алып қалу үшін күн сайын тынымсыз қызмет етуде
© Sputnik / Владислав ВодневСондықтан біз қазіргі заманның батырларына алғыс айтудан жалықпауымыз керек
Памятник в знак благодарности медикам установили в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
16/16
Сондықтан біз қазіргі заманның батырларына алғыс айтудан жалықпауымыз керек
Жаңалықтар
0