Білім

"Ақылға сыймайды": министр мұғалімнің дөрекі әрекетіне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2021
Жазылу
Көкшетау мектептерінің бірінде мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып қойған мұғалімнің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Осылайша, педагог балаларды үйде дәптер ұмытпауға үйретпек болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ондай әрекеттер педагог пен мұғалім деген түсінікке сай келмейді. Ақылға сыймайтын нәрсе ғой. Бүгінде тиісті шаралар қабылданды. Әрине, ондай жағдайлармен жұмыс жасау қажет. Бірақ әріптестеріміздің басым бөлігі ондай емес. Біздің арамызда ауылда болсын, қалада болсын, біртуар педагогтер көп", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда министр барлық мұғалім гуманистік ұстаныммен жұмыс істеу керектігін айтты.

Айта кетері, Көкшетау мектептерінің бірінде мұғалім бірінші сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазып қойған.

Шулы оқиға №13 "Экос" мектебінде дүйсенбі күні алтыншы сабақ кезінде болған.

Мектеп басшылығының ақпаратына сәйкес, мұғалім 1 қыркүйекте жұмысқа қабылданған. Ол үш ай сынақ мерзімінде жұмыс істеп жүрген болатын.

Сабақ барысында 12 оқушы дәптерін үйде ұмытып кеткенін айтқан. Ол балалардың есте сақтау қабілетін жақсарту үшін маңдайларына маркермен немесе қаламмен "дәптер" деп жазып берген.

Мектеп директоры Светлана Ахметжанованың сөзінше, мұғалімнің еңбек өтілі 27 жыл. Болған жағдайды білген соң мектеп әкімшілігі ол кісімен сөйлесіп, жұмыстан шығарған.

Оқи отырыңыз: 

Мәжіліс депутаты мұғалімнің жалақысы қанша болуы керектігін айтты

Аймағамбетов мектеп директорларына жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін мәлімдеді

Қазнетте мұғалімнің атынан жалған хабарлама тарады

Жаңалықтар
0