Қоғам

Сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалімнің мәселесі: мектеп директоры күтпеген мәлімдеме жасады

© Sputnik / Любовь Чиликова / Медиабанкке өтуУчебник русского языка
Учебник русского языка - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Мұғалімге диплом берген жоғары орнында жас маманның орыс тілі, әдебиет және педагогика сияқты салалық пәндер бойынша "өте жақсы" деген баға алғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Сарығаш ауданындағы мектептің директоры сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалімді жұмысқа қалай алғанын ашық айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Садриддин Айни атындағы №8 орта мектебінің директоры Гүлсара Хасанованың айтуынша, қазіргі кезде жас педагог декретке шығып кеткен. Ал мектепке оны аудандық білім бөлімі жіберген.

"Ол алдымен тестілеуден өткен. Сосын екінші тур – сұхбаттасу болды. Оны басқа мектепте өткізген. Ал маған ол аудандық білім бөлімінің жолдамасымен келді. Сөйтіп, оны жұмысқа алдым", - дейді Хасанова.

Осылайша, мектеп директоры аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің мәлімдемесін жоққа шығарды. Бұған дейін бөлімнің бас маманы Айбек Тұрсынбаев мұғалімді жұмысқа қабылдау шешімін комиссия шығарады деп айтқан. Ал оның төрағасы – мектеп директоры. Бұдан бөлек, аудандық бөлімде маман тапшылығы туралы мәлімдеген. Алайда Гүлсара Хасанова оны да жоққа шығарды.

"Бізде маман тапшылығы жоқ", - дейді Хасанова.

Ал сөйлемді әрең оқитын мұғалімге диплом берген жоғары орнында жас маманның орыс тілі, әдебиет және педагогика сияқты салалық пәндер бойынша "өте жақсы" деген баға алғанын айтты.

Ынтымақ ауылындағы мектепте тағы бір проблема бар. Ол – дәретханалар. Барлығы бөлек тұрған ғимаратта орналасқан. Бейнебақылау жүйесі де жоқ. 

Оқи отырыңыз: Сарыағашта сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім сабақ беріп келген

Айта кетейік, бұған дейін осы мектепте орыс тілінен сабақ беретін мұғалімнің балаларға қашықтан сабақ түсіндірген кездегі аудиохабарламасы тараған болатын.  Жас маман сөйлемді ежіктеп оқыған. Белгілі болғаны, біліктілігі күмән тудырған мұғалім тестілеуді әрең дегенде тапсырып, шекті 50 балл жинаған екен. Бір қызығы, мұғалімнің сабағына аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып, деңгейін тексерген. Мұғалімнің біліктілігін тексергендер мен бұл оқиғаға қатысты мектептегі жауаптылар туралы мәлімет Түркістан облыстық адам әлеуетін дамыту басқармасына жолданды.

Жаңалықтар
0