Саясат

Қазақстан арқылы Беларуське ұшатын жолаушылар тасымалына тыйым салынуы мүмкін

© AFP 2024 / LEONID SHCHEGLOV Мигранты на белорусско-польской границе
 Мигранты на белорусско-польской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2021
Жазылу
Бүгінде Беларусь мен Польша шекарасында мыңдаған мигрант жиналды. Барлығы Еуроодаққа заңсыз өтіп кетуге тырысып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанда Таяу Шығыстағы кейбір мемлекеттердің азаматтарына Беларуське әуе транзитімен ұшуға уақытша тыйым салу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл мәселе мүдделі мемлекеттік органдармен бірге зерделеніп жатыр", - деді сұхбат берген мамандар.

Айта кетері, бұған дейін Өзбекстан тура сондай шектеуді енгізген. Оған сәйкес, 17 қарашадан бастап Ауғанстан, Ирак, Йемен, Лива, Ливия мен Сирия азаматтарына Өзбекстан арқылы әуе транзитімен Беларуське ұшуға уақытша тыйым салынды.

Бүгінде Беларусь мен Польша шекарасында мыңдаған мигрант жиналды. Барлығы Еуроодаққа заңсыз өтіп кетуге тырысып жүр.

Осыған байланысты Польша билігі күзет шараларын күшейтті. Шекараға әскерилер тартылды.

Олар мигранттардың заңсыз өтіп кетпеуін қадағалайды. Беларусь жағында жиналғандардың арасында Ирак, Сирия мен Йемен азаматтары бар.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0