Әлем

Ирак шекарада қалып қойған өз азаматтарын қайтарады

© AFP 2024 / LEONID SHCHEGLOV Мигранты на белорусско-польской границе
 Мигранты на белорусско-польской границе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.11.2021
Жазылу
Жыл басынан бері мигранттар қоныс аударып жатқан Украинаның Польшамен арадағы шекарасында миграция жағдайы 8 қарашада күрт ушыға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша — Sputnik. Ирак қазіргі уақытта белорус шекарасы арқылы Еуропаға өтпек болған азаматтарды отанға қайтару үшін алғашқы рейсті 18 қарашада іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы INA агенттігі араб елінің сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Біраз уақыт бұрын Ирак Беларусьпен арадағы тікелей рейсті тоқтатып, заңсыз мигранттарға қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты Бағдадтағы Беларусь құрметті консулының жұмысына берілген рұқсаттың күшін жойды.

Сондай-ақ Ирактың Мәскеу пен Варшавадағы елшігілі поляк-белорус шекарасында қалып қойған азаматтарды Иракқа ерікті түрде қайтару бойынша жұмыстарды үйлестіріп отыр.

"Ирактықтарды Беларусьтен қайтаруға арналған алғашқы әуе рейсі 18 қарашада орындалады", - деп жазды агенттік.

Жыл басынан бері мигранттар қоныс аударып жатқан Украинаның Польшамен арадағы шекарасында миграция жағдайы 8 қарашада күрт ушыға түсті. Бірнеше мыңдаған белорус жағынан поляк шекарасына жақын келіп, шекара аймағынан кетпей отыр.

Еуроодақ елдері жағдайды әдейі ушықтырды деп Минскті айыптап, санкциялар енгізуге шақырды. Беларусь президенті Александр Лукашенко бұл жағдайға соғыстан көз ашпаған Батыс елдерінің өзі кінәлі деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0