МӘСКЕУ, 22 қазан — Sputnik. Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрлерінің 20 қазанда өткен алқа отырысында 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспарын – бірлескен 139 іс-шараны бекітті. Әскери мақсаттағы бірлескен жүйелерді, Беларусь пен Ресей әскерінің өңірлік топтарын дамыту, сондай-ақ радиация, химия және биологиялық қорғау, радиоэлектронды күрес, топогеодезиялық және навигациялық қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілді.
Минск пен Мәскеу 2023 жылы "Одақ қалқаны" бірлескен стратегиялық оқу-жаттығуын өткізу туралы келісіп, Беларусь Республикасының аумағында Ресей Федерациясы әскери нысандарын орналастыру туралы келісімнің мерзімін ұзартты.
Мемлекеттер Одақтас мемлекеттің қорғаныс саласындағы амал-әрекеттердің бірлігін, практикалық тапсырмаларды шешудің мақсаттылығын растады. Батыс елдері тарапынан болып жатқан қауіпсіздікке қатер, саяси және экономикалық қысым Ресей мен Беларусьті жақын уақытта Одақтас мемлекеттің жаңа Әскери доктринасын қабылдауға мәжбүрлейді.
Беларусь-Польша мен Беларусь-Литва шекараларындағы шиеленіс сақталып тұр. Біраз бұрын Варшава белорус шекарашылар поляк сарбаздарына қарсы оқ атқанын мәлімдеді. Алайда ешкім зардап шекпеген. Ұжымдық Батыс Беларусьтің иілмей отырғанына, Минск пен Мәскеу әскери ынтымақтастығына, "гибридті мигранттар" үшін ашулы.
Лексингтон институтының аға аналитигі Сара Уайт мәлімдегендей, "белорус саяси жүйесінің, экономика мен қарулы күштер деңгейіндегі ресейлік араласуы НАТО-ның шығыс майданын батысқа қарай ығыстырып жатыр" деген пікір айтты.
РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу 20 қазанда Ресей-Беларусь әскери алқа отырысында қабылданған шешімдер 2024 жылға дейін Одақтас мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететінін айтты. Яғни, бұл "майдан" құруға емес, нақты қауіпсіздікке қатысты болып отыр.
Беларусь пен Ресей ешкімге қауіп төндіріп отырған жоқ, тек ұжымдық Батыстың саяси, экономикалық және әскери қысымына жауап беруде. Одақтас мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Минск пен Мәскеу Солтүстік Ирландия немесе Мексикада бірлескен әскери маневрлер өткізіп жатқан жоқ, тактикалық ядролық қару-жарақ пен танктерді Канадада орналастырып жатқан жоқ, Балтық елдері, Польша территориясына көз тігіп жатқан жоқ. Небәрі НАТО-ныңшығысқа қарай тым қатты кеңейіп бара жатқанын ескертіп, іргелес жатқан Украина аумағына альянс әскерін жайғастыруға жол зжоқ екенін еске салып жатыр.
Сондықтан Беларусь пен Ресей алаңдаушылығын ескеріп, Литвадағы америкалық Abrams танктері мен Bradley соғысқа арналған жаяу әскер машинасын тарихи отанға кері қайтарып, Бельгия, Германия, Италия, Нидерланды, Түркиядағы В-61-12 термоядролы бомбаларын да сол аумаққа бағыттағаны дұрыс болады.
Вашингтон мен Брюссель Киев пен Тбилисиге НАТО-ға мүше болу жайын тым насихаттай бергені жөн емес. Себебі жарғының 5-бабы альянс елдеріне ресейлік Қырымда, Абхазия немесе Оңтүстік Осетияда арандату жүргізуге карт-бланш бермейді.
Ал Украина мен Грузияға бұл мүшелік антиресейлік әскери реванш үшін қажет екені белгілі. Ал РФ әскери доктринасы Брюссельден Вашингтонға дейінгі кеңістікте агрессорларға тиісті үлгіде жауап қайтаруды көздейтінін Пентагон мен НАТО жақсы білуі тиісті. Жалпы ауған жеріндегі 20 жылға созылған әскери әрекеттердің қалай аяқталғанына бүкіл әлем куә. Сондықтан НАТО-ның Шығыс Еуропаға қарай бет бұрудан бас тартқаны абзал.
НАТО құрамында Балтық елдері мен Польшаның әскери бөлімшелері Ирак пен Ауғанстандағы қалыпты бейбіт өмірдің күл-паршасы шығуына атсалысқанын бәріміз білеміз. Ал қазір кедей өңірлердегі миграция толқыны Балтық маңына да жақындап қалды. Оларға сым қоршаулар мен шекарашылар кедергі емес. Варшава мен Вильнюс болып жатқан жағдайды байқамаған сыңай танытып, "гибридті агрессияға" Минск пен Мәскеуді кінәлауға тырысып жатыр.
Мысалы, Польшадағы билік етуші "Құқық пен әділдік" партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский 19 қазанда Ресейді Польшаға қарсы "көпсатылы гибридті соғыс" жүргізіп жатыр деп айыптады. Осылайша Вашингтон одақтастары Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыс халқының көшін Еуропаға бағыттауды көздеп отыр.
Берлин, Париж бен Лондон бұл жағдайға бейімделіп, азиялық және африкалық босқындарға баспана тұрғызып, оқу және жұмыс орындарын ұсынып жатыр және өз геосаяси әрекеттерінің "жемісі" үшін ешкімді айыптап жатқан жоқ.
Ресей мен альянс қарым-қатынасының бұзылуына негізінен Брюссель ықпал етті. Әйтсе де бүгінгі күні Беларусь пен Ресей қарым-қатынасының дамып, байланыстың күшейе түсуі НАТО мен Пентагонды алаңдатып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.