Әлем

Украинаны НАТО-ға қосу бастамасына Вашингтон қолдау білдірді

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKYЦентральная площадь Киева
Центральная площадь Киева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2021
Жазылу
Вашингтондағылар бұл бастамаға қолдау білдіретінін, бірақ шешімді НАТО-ның барлық мемлекеті қабылдайтынын алға тартты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский НАТО-ға мүше болу Донбастағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы деп мәлімдеді.

"Біз өз армиямыз бен қорғаныс секторын реформалауға ұмтылып жатырмыз. Бірақ бір ғана реформамен Ресейге тоқтау болу мүмкін емес. НАТО – Донбастағы соғысты тоқтатудың жалғыз жолы. НАТО-ға мүшелік бойынша іс-қимыл жоспары (МІЖ) Ресей үшін нақты жауап болады", - деді Владимир Зеленский.

Бұл жөнінде Украина президенті НАТО бас хатшысы Столтенбергке айтты. Ол осы сөзін дәл сол күні өткен британдық және канадалық премьерлерге де қайталады. Зеленский МІЖ-де интеграция бойынша нақты қадамдар жазылғанын қалап отыр. Украина премьер-министрі жақында ғана шамамен бес-алты жылдан кейін Украина альянсқа (ЕО-ға да) қосылуы ықтимал екенін айтты. Натолық мемлекеттердің Зеленский мәлімдемесіне қатысты жауаптары қандай болатыны белгілі, деп жазды РИА Новости.

Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2021
Әлем
Байден билікке келгелі НАТО-ның көзқарасы өзгерді ме?
Вашингтондағылар бұл бастамаға қолдау білдіретінін, бірақ шешімді НАТО-ның барлық мемлекеті қабылдайтынын алға тартты. Ал Германия Украина өзінің саяси қажеттіліктерін еркін таңдай алатынын, бірақ мүшелікке қатысты қадамдар қазір қарастырылмайтынын мәлімдеді.

"Зеленский Украина солтүстікатлантикалық альянсқа расында да мүше болады деп сене ме? Иә. Бірақ Украина НАТО-ға мүше бола алмайды. Себебі КСРО құрамында болған Украина мемлекеті "Екінші дүниежүзілік соғыстан соң КСРО-ға қарсы тұру үшін англосаксондар құрған солтүстікатлантикалық альянсқа мүше бола алмайды. Украина элитасы осыны қалауы мүмкін, халықтың бір бөлігі осы қадамға қолдау білдіруі мүмкін, бірақ бұл жүзеге аспайды. Неге? Себебі НАТО Ресейді тежеуге бағытталған одақ. Ал Украина тарихта Ресеймен бір одақта болды", - деп жазды басылым.

Бірақ Украинаны антиРесейге айналдырмақшы емес пе? Ендеше неге қарсыластың жағында болуға жол жоқ? Себебі қазір ол – объекті. Ол үшін Ресей мен Батыс арасында тайталас жүріп жатыр. Батыс геосаяси шекараларды ауқымды түрде қайта бөлуді, Ресейді шығысқа қарай ығыстыруды көздеп отыр. Ал Ресей үшін Украинадан теріс айналу талқыланбайтын мәселе.

Алайда Батыс Украина үшін Ресеймен шынайы қақтығысқа түсуге дайын ба? Жоқ, себебі ол үшін Украина Ресеймен тең түсетіндей соншалықты маңызды емес. Бұл англосаксондарға да, еуропалықтарға да қатысты.

Батыс Ресеймен жаулық қарым-қатынасқа бел байлауы керек. Яғни ол Украинаны басып алатын болса, онда Ресейді өзінің ашық жауына айналдырады. Бұл ақпараттық соғыста көрсетілгендей тиіп-қашып жүргізілетін соғыс емес, нағыз қырғи-қабақ соғыс болмақ.

НАТО угрожает запуску 5G в России - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Видео
НАТО Ресейде 5G ұялы байланысының жаңа буынын іске қосуға қарсы шықты – видео
"Соғыс қалай өрбісе де ол Ресейдің ыдырауына алып келмейді. Себебі ол грек конфессиясына сенетін миллиондаған орыстан құралған. Олар халықаралық келісімшарт негізінде бөлінген күннің өзінде сынап тамшылары секілді бір-бірін қайта тауып алады да бірігеді. Орыс ұлтының мемлекеті өз климатымен, өз кеңістігімен және өз қарапайымдылығымен және әркез өз шекарасын қорғау қажеттілігін түйсіну арқылы қуатты. Бұл мемлекет ойсырай жеңілген күннің өзінде реавншқа дайын ел ретінде көрініс табады", - деп жазды канцлер Отто фон Бисмарк.

Сондықтан Еуропаны елемейтін және саналы түрде орыстар мен еропалықтарды бір-біріне қарсы қойғысы келетіндер ғана Украинаның атлантизациясына сенеді. Ал мұндайлар атлантикалық элитада бар ма? Әрине бар. Бірақ қазір элитаның құрамындағылардың басым бөлігі Украинаны атлантизациялау идеясының қаншалықты шым-шытырық болатынын жақсы түсінеді. Қалай болғанда да Еуропа үшін аса қауіпті.

Әзірше бірыңғай Еуропаны құру туралы идеяға еуропалық элитаның бір бөлігі сенген секілді. Бірақ бірыңғай Еуропаның өзі қуатты көршісі Ресеймен ешқандай қарым-қатынас орнатпай тіршілік ете алмайды. Ал онымен қақтығысқа бел байлап, өзіне жау етуі тіпті екіталай. Украинаның соңынан еріп, бірыңғай Еуропа идеясын күл-талқан ете ме? Әзірше еуропалықтар мұндай ашкөз бола қойған жоқ.

Ендеше оларға Ресей күндердің бір күнінде өздігінен әлсіреп, қуатынан айырылады деп үміттенгеннен басқа амал жоқ. Алайда бұл үміт күн санап өшіп келеді. Сол себепті Украинаны НАТО-ға қосу бойынша еуропалықтарда нақты жоспар жоқ. Жалпы еуропалықтардың Ресейді тектен-текке ашуландыру ниеті де жоқ. Сондықтан Украинаны солтүстікатлантикалық альянсқа қосу идеясын ұсынып жатқандарға Еуропаның өзі де қас жауы ретінде қарауы керек.

Жаңалықтар
0