Балтық жағалауының екі елі – Латвия мен Эстония Ленинград облысындағы ресейлік 5G мұнараларына қарсы шықты. Олар ресейлік байланыс операторлары ұялы байланыстың жаңа буынын 4,8 - 4,99 ГГц жиіліктерінде сынақтан өткізіп жатқанына наразылық білдіріп отыр.
Осы ауқымда Латвия мен Эстония мүше болған НАТО-ның әскери авиациялық жүйелері жұмыс істеп жатыр. Айтуларынша, ресейлік 5G мұнаралары Солтүстік-Атлантика одағының авиациясына кедергі келтіретін көрінеді.
НАТО-ға кірмейтін, бірақ әскери жүйелері одақ стандарттарына сәйкестендірілген Финляндия елі де Ресейге қойылған талапты қолдады.
Енді Ресейден осы жиіліктерді пайдаланудан бас тартуды талап етіп жатыр.